01 ақпан 2014 | 11:58

Ерлан Қарин: Ауғанстан біз үшін - "тұңғиық"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ерлан Кариннің Facebook-тағы фотосуреті Ерлан Кариннің Facebook-тағы фотосуреті

Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің Facebook-тағы парақшасында Ауғанстанға барып келгеннен кейінгі түйген ойы мен өзі түсірген әр фотосуретке жеке-жеке тоқталыпты. Ерлан мырза жариялаған мәліметтерге әзіресе әлгі желіде тіркеуінде тұрғанған оқырмандар зор қызығушылық танытқан екен. Осы жазбаға байналыста Tengrinews.kz сайтының тілшісі саясаттанушыдан Ауған жеріне не мақсатпен барғанын, әлемдік БАҚ өкілдері жариялап жатқандай егер НАТО әскері биыл, яғни 2014 жылы Ауғанстанды тастап шығатын болса, ол елді айтпағанда көршілес жатқан Орталық Азияға қаншалықты деңгейде қауіп-қатер төнуі мүмкіндігін сұрап көрген еді. "Менімше әлем елдерінде Ауғанстан жайында бір қырын ғана айтып, көрсететін қатып қалған түсінік бар. Нақтырақ айтсақ, бұл ел жайында жалған мәлімет, қате түсінік жетіп артылады. Ал шынығында ауған елінің бізге белгісіз тұстары өте көп екеніне мен тағы бір мәрте көз жеткіздім. Біз үшін ол мемлекет - "түбі көрінбес тұңғиық" секілді", - дейді Ерлан Қарин. Дәл қазіргі уақытта Ерлан мырза қауіпсіздік және терроризм жайында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нақты жобаларды жүзеге асырумен келеді. Оның жер бетінде әр елге жүйелі түрде жасаған сапарлары өзі айналысып жатқан жұмыстармен тығыз байланысты. Ауған жеріне баруының басты себебі де сондықтан. Айта кетейік, іс-сапарларға кеткен қаржыны Ерлан мырза өз қалтасынан шығарыпты. "Бұл сапар менің зерттеу жұмыстарыма қажет болды. Мен бұл елге барып қайтуды көптен бері жоспарлап жүргенмін. Сондықтан ол елдегі жағдайды өз көзіммен көріп, мемлекеттік құрылымдардағы қызметте және түрлі тәуелсіз зерттеу орталықтарының мамандарымен тілдесіп қайту мен үшін үлкен олжа болды деп айта аламын", - деді Е. Қарин. Саясаттанушы Қазақстандағы сарапшылар қауымдастығы мен түрлі ғылыми зерттеу институттар Ауған елі туралы мәліметтерді алуда негізінен шетелдік БАҚ дайындаған ақпараттарға ғана жүгінетінін, ал бұл қате түсінік қалыптастыратынын айтты. "Қысқасы, бізде, қажетті мәліметтерді алатын діңгек те, сүйенер нақты ақпарат көзі де жоқ", дей келе сөзін былай жалғастырды: "Бұл сапардан нақты қорытынды жасау әлі ерте. Бір жағынан Ауғанстандағы жағдай шетелдік БАҚ хабарлағандай деңгейде емес, тіпті кей салада ілгерілеушіліктің де байқалды. Ал екінші жағынан тұрғындар арасында үрейді де барын жоққа шығаруға болмас". Е. Қарин Ауғанстанға барардың алдында ғана ол елде өте күшті террорлық акт жасалса, ал қайтқан күні де тағы бір теракт ұйымдастырылған еді. "Біз кездескен Ауғанстанның СІМ, Қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілдері елдегі жағдай тұрақты, әрі бақылауда деп сендіргенімен, орын алған террорлық әрекеттердің азаймай тұрғаны анық", - деді ол.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer