03 ақпан 2014 | 10:27

Гүлнара Каримова әкесінің туған күніне ән сыйлады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет Гүлнара Каримованың бейнебаянынан алынған Сурет Гүлнара Каримованың бейнебаянынан алынған

"Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримова әкесінің туған күніне "Далила және Самсон" операсынан меццо-сопраноға арналған Далиланың ариясын сыйлады. Бұл туралы Гүлнара өзінің "Твиттер" парақшасында жазылушыларының бірінің сауалына берген жауабында мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. "Твиттер" парақшасында "міне, мен әр кез денсаулық, айналасына бейбітшілік тілеп отыратын адам-әкемнің туған күні де өтті. Символикалы шығыс жаңа жылы да келді" деп жазады Гүлнара Каримова. "Әкеңіздің туған күніне не сыйлағаныңызды білуге бола ма?" деген пікір білдірушінің сауалына, Гүлнара Каримова әлеуметтік желіде сілтеме орналастырған. Сілтемеде "Әкемнің мерекесіне тарту етілген сый" деген атпен Гүлнара Каримованың орындауындағы класикалық ария жазылған бейнебаян болған. 30 қаңтарда Өзбекстан президенті Ислам Каримов 76 жасқа толды. Айта кетер жайт, шамамен 2013 жылдың қазан айынан бастап Гүлнара Каримова мен анасы, сіңлісі және өзбекстанның қауіпсіздік комитетінің басшысы Рустамом Иноятов арасында келіспеушілік орын алған еді. Сол себепті өзбек президентінің үлкен қызы әкесінің ресми қабылдауына қол жеткізе алмай жүрген болатын. Дегенмен, соңғы уақытта Гүлнара әкесімен арадағы қарым-қатынасты түзеген. Гүлнара Каримованың әлеуметтік желідегі соңғы жазбалары осыны меңзейді. Соңғы жазбаларының бірінде, қаңтар айының басында әкесінің қабылдауында болып, ұзақ сұхбатасқаны жайлы жазады. Сұхбат соңында әкесі қызының дизайнерлік саладағы жаңа жобаларына оң батасын берген көрінеді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer