03 ақпан 2014 | 11:26

Зейнетақы қорларына 1 жылда 562 миллиард теңге аударылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Еліміздің жұмыспен қамтылған тобының зейнетақы қорына аударған жинақтарының барлығы 562 миллиард теңгені құрапты, яғни 3,7 миллиард доллар. "Қорға түскен ақшаның басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларына тиесілі" деп хабарлайды Tengrinews.kz Ranking.kz. сайтына сілтеме жасап. Ал 2012 жылмен салыстырғанда, жылдық өсім бойынша бірінші орында Елорда тұр екен. Нақтырағын айтсақ, астаналықтар есебінен зейнетақы қорына аударылған салымдардың жылдық көрсеткіші 16,5 пайызға артып, ол 9,9 миллиард теңгені құраған. Бұл – "Астана қаласындағы жұмыскерлер бір жылда зейнетақы қорларына 70 миллиард теңге" аударды деген сөз. Тізімнің ең соңында тұрған Қызылорда облысы. 2012 жылмен салыстыратын болсақ, жылдық зейнетақы жинағының өсімі бұл аймақта бар-жоғы 4,5 пайызға (0,7 млрд теңгеге) артып, бүгінгі күні 16,6 млрд. теңгені құрап отыр. Алматы қаласы тұрғындарының зейнетақы қорларына аударған ақшалары 105 миллиард теңгеге жеткен. Айта кетейік, ҚР Бірыңғай зейнетақы қоры үш бағытта жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда, мiндеттi, ерiктi және ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары. Егер де, зейнетақы жарнасы, зейнетақы жинағы немесе төлемдерге қатысты қандай да бір ақпарат білгіңіз келсе, Бірыңғай зейнетақы қорының сайтына жүгінсеңіз болады. Сонымен қатар, инвестициялық кірістер қызықтыратын болса да, қажет ақпарлар аталмыш қор сайтында. Тағы бір мәлімет: Бірыңғай зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарнасын төлеп отырғандар саны - 4 миллион 156 мың 15 адам (өткен жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша).

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer