03 ақпан 2014 | 12:29

Ержан Өтембаев 13 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Судья Асқарбек Бейімбетов. ©Роза Есенқұлова Судья Асқарбек Бейімбетов. ©Роза Есенқұлова

ҚР Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев адам жалдап және алдын ала сөз байласып кісі өлтіруге жәрдем бергені үшін айыпты деп танылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. "Сот Өтембаевты кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі түзеу колониясында 13 жыл жаза өтеуге соттау туралы үкім шығарды. Жаза өтеу мерзімі 2006 жылдың 22 ақпанынан бастап есептеледі. "Тұтқындау" бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалсын. Сот шешіміне жоғарғы инстанцияларда шағым келтірілуі мүмкін", - деді судья. Сот Өтембаев кісі өлтіруге адам жалдауға және алдын ала сөз байласуға жәрдемдесті деген жорамал расталды. Айыпталушы өз кінәсін мойындамаса да, оның кінәсі айғақтармен, басқа да зерттеулермен дәлелденді. 2006 жылы өзінің күдікті ретіндегі жауабында Өтембаев Ибрагимовпен танысуының мән-жайын толық түсіндірді. Сол жылғы жауаптарында Сәрсенбаевты өлтіру ниеті болғанын да өз сөзімен растады. Ол Ибрагимовтен Сәрсенбаевты ұрып-соғуды ұйымдастыруды сұраған", - дейді судья. Сонымен бірге, сот ҚР Бас прокуратурасының назарына Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың осы қылмысқа қатысы барын жеткізу туралы жеке қаулы шығарды. Ержан Өтембаев 2006 жылы 20 жылға сотталған болатын. Ол Сәрсенбаевты және оның екі көмекшісін өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталды. 2013 жылдың желтоқсан айында қылмысқа қатысты жаңа деректердің пайда болуына байланысты оның ісі қайта қаралды. Ибрагимов саясаткерді өлтіруге Өтембаев емес, Әлиев пен Мұсаев тапсырыс бергенін, соның ішінде, операцияны Мұсаев жеке бақылауына алғанын сотта растады. Оның айтуынша, Өтембаев сол кездегі жағдайдың құрбаны ғана болды. Дегенмен іс материалдарына қарағанда, Өтембаев бұған дейін Ибрагимовке оппозиционерді ұрып-соғу туралы жоспарын айтқан болып шықты, мұны білген Әлиев пен Мұсаев жоспарды өзгерткен. Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісінің өлімінен соң кінә Өтембаевқа ауды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer