Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің мәлімдеуінше, "еліміздегі ірі жолдарды күрделі жөндеу жұмысы 2014 жылы қарқын алмақ" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ретте "Астана – Павлодар", "Астана – Теміртау" және "Алматы – Қапшағай" автокөлік жолдарын мысал етуге болады. "Астана – Теміртау" жолдарының ұзындығы – 169 шақырым. Бұл бағыттағы жол алты учаскеге бөлінген. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары екі учаскеде жүргізілуде: Ақмола және Қарағанды облыстарында. Құрылыс жұмыстары биылғы жылы басталып, келер жылы құрылыс жұмыстары барлық учаскеде жүргізілетін болады. Реконструкция жұмыстарының нәтижесінде "Астана – Теміртау" трассасы 4 жолақты болып, 1 техникалық санатқа жатқызылады. "Алматы – Қапшағай" автожолының ұзындығы -104 шақырым. Бүгінгі күні ұзындығы 51 шақырымды құрайтын екі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл учаскелердің құрылысын 2016 жылы аяқтау көзделуде. 2016 жылы "Алматы – Қапшағай" тасжолы алты жолақты, 1 техникалық санатқа сай келетін республикалық маңыздағы жолға айналмақ. "Астана – Павлодар" тасжолы төрт жолақты болады. Қазіргі күні учаскеде 2,61 шақырым асфальтты бетонның төменгі қабаты, 2,61 шақырымм үстіңгі қабаты және 3,37 шақырым негізгі бөліктің төменгі қабаты төселген. 992,4 мың текше метр көлемінде жер қазу, топырақ үю секілді жұмыстар жүргізілген. Аталмыш жолдардың жөндеу жұмыстарына қатысты министр Асқар Жұмағалиев, "2013 жылдың шілдесінде елімізде "Астана – Теміртау", "Астана – Павлодар" және "Алматы – Қапшағай" бағыттарындағы автожолдардың реконструкциясы басталған болатын. Аталған жолдарды кеңейтіп, бірінші техникалық санатқа ауыстыру көліктерді өткізу қабілетін арттырып, тасжолдардағы апатты оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік береді" дейді. Бұған қоса министр қазірде "Батыс-Қытай – Батыс-Еуропа" халықаралық тас жолының биыл 812 шақырымы пайдалануға берілгенін, сондай-ақ "Алматы-Қорғас" автожолдарының да кеңейтіліп, техникалық санаты ауыстырылғанын құлаққағыс жасады. Жалпы, 2013 жылы елде 2200 шақырым автокөлік жолдары жөнделген. "2020 жылдары автокөлік жолдарының 80 пайызы халықаралық стандартқа сай сапалы болмақ" дейді Асқар Жұмағалиев. Айта кету керек, еліміздегі жолдардың сапасы туралы Мемлекет басшысы бұл саланы сынға алып, құрылыс саласында жаңа технологияларды енгізу арқылы күрделі шығындарды азайту және сапаны арттыру жұмысы нашар жүргізіліп жатқанын айтып "нәтижесінде жаңадан салынған автомобиль жолдарын пайдалануға берген бір жылдан кейін қайта жөндеу керек болады" деген болатын. Бұған байланысты Көлік және коммуникация министрлігінің қызметіне Елбасы тарапынан бірқатар тапсырмалар да жүктелген еді. Жалпы, деректерге жүгінсек, әлемдік рейтингте жол сапасы жөнінен Қазақстан 140 елдің ішінде 117-орында тұр.
Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің мәлімдеуінше, "еліміздегі ірі жолдарды күрделі жөндеу жұмысы 2014 жылы қарқын алмақ" деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл ретте "Астана – Павлодар", "Астана – Теміртау" және "Алматы – Қапшағай" автокөлік жолдарын мысал етуге болады.
"Астана – Теміртау" жолдарының ұзындығы – 169 шақырым. Бұл бағыттағы жол алты учаскеге бөлінген. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары екі учаскеде жүргізілуде: Ақмола және Қарағанды облыстарында. Құрылыс жұмыстары биылғы жылы басталып, келер жылы құрылыс жұмыстары барлық учаскеде жүргізілетін болады. Реконструкция жұмыстарының нәтижесінде "Астана – Теміртау" трассасы 4 жолақты болып, 1 техникалық санатқа жатқызылады.
"Алматы – Қапшағай" автожолының ұзындығы -104 шақырым. Бүгінгі күні ұзындығы 51 шақырымды құрайтын екі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл учаскелердің құрылысын 2016 жылы аяқтау көзделуде.
2016 жылы "Алматы – Қапшағай" тасжолы алты жолақты, 1 техникалық санатқа сай келетін республикалық маңыздағы жолға айналмақ.
"Астана – Павлодар" тасжолы төрт жолақты болады. Қазіргі күні учаскеде 2,61 шақырым асфальтты бетонның төменгі қабаты, 2,61 шақырымм үстіңгі қабаты және 3,37 шақырым негізгі бөліктің төменгі қабаты төселген. 992,4 мың текше метр көлемінде жер қазу, топырақ үю секілді жұмыстар жүргізілген.
Аталмыш жолдардың жөндеу жұмыстарына қатысты министр Асқар Жұмағалиев, "2013 жылдың шілдесінде елімізде "Астана – Теміртау", "Астана – Павлодар" және "Алматы – Қапшағай" бағыттарындағы автожолдардың реконструкциясы басталған болатын. Аталған жолдарды кеңейтіп, бірінші техникалық санатқа ауыстыру көліктерді өткізу қабілетін арттырып, тасжолдардағы апатты оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік береді" дейді.
Бұған қоса министр қазірде "Батыс-Қытай – Батыс-Еуропа" халықаралық тас жолының биыл 812 шақырымы пайдалануға берілгенін, сондай-ақ "Алматы-Қорғас" автожолдарының да кеңейтіліп, техникалық санаты ауыстырылғанын құлаққағыс жасады.
Жалпы, 2013 жылы елде 2200 шақырым автокөлік жолдары жөнделген. "2020 жылдары автокөлік жолдарының 80 пайызы халықаралық стандартқа сай сапалы болмақ" дейді Асқар Жұмағалиев.
Айта кету керек, еліміздегі жолдардың сапасы туралы Мемлекет басшысы бұл саланы сынға алып, құрылыс саласында жаңа технологияларды енгізу арқылы күрделі шығындарды азайту және сапаны арттыру жұмысы нашар жүргізіліп жатқанын айтып "нәтижесінде жаңадан салынған автомобиль жолдарын пайдалануға берген бір жылдан кейін қайта жөндеу керек болады" деген болатын. Бұған байланысты Көлік және коммуникация министрлігінің қызметіне Елбасы тарапынан бірқатар тапсырмалар да жүктелген еді.
Жалпы, деректерге жүгінсек, әлемдік рейтингте жол сапасы жөнінен Қазақстан 140 елдің ішінде 117-орында тұр.