Сурет flickr.com сайтынан
"Астана Арландары" WSB аясындағы жетінші кедесуін өткізіп, Алатау бөктерінде «Russian Boxing Team» боксшыларын 5:0 есебімен күйрете жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап. Шаршы алаңға шыққан бес боксшымыз да жеңіске жетті. Енді солардың нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтсек (мейілінше әділетті болуға тырысамыз, өйткені ресейліктер кейбір жекпе-жек нәтижелеріне наразы): 49 кг: Мардан Берикбаев – Белик Галанов – 47:47, 48:46, 47:47 (0:1) Бұл жекпе-жекте таразы басы екі жаққа алма-кезек ауып отырды. Бәлкім, ресейліктерге өз боксшылары басымдау болып көрінгендей болар. Бірақ оған ескерту жасалып, бір ұпайы алынып тасталғанын ұмытпайық. Жекпе-жек қорытындысын шығаруда осы ескерту маңызды рөль атқарғандай. Жалпы, екі боксшы арасындағы жекпе-жек тең аяқталса, шаршы алаң иесінің қолын көтермеуші ме еді?! Негізі, Марданның соққылары көбінесе діттеген жеріне дөп тиіп, пәрмендірек болғандай. Бірақ әлі де бойындағы толқынысын тарқата алмай жүрген сияқты. 56 келі: Мәди Шолақов – Никита Федорченко – 50:43, 49:44, 50:43 (0:2) Мәдидің күмәнсіз жеңісіне ресейліктердің өздері де шүбә келтіре алмайды. Қазақ боксшысы WSB жобасында алғаш рет шаршы алаңға шықса да, сенімді ақтады. Ал қарсыласы жеңіліп жатқандықтан боксты төбелеске айналдырып жібергісі келді. Бірақ сол үшін екі рет ескерту алды. 64 келі: Асхат Уәлиханов – Максим Дадашев – 48:47, 49:46, 47:48 Бұл жекпе-жек Асхатқа баға жетпес сабақ болды деп ойлаймыз. Енді ол өзін-өзі қамшылайтын шығар. Ал ресейліктерге айтарымыз, WSB жобасының екінші маусымында, 2012 жылдың басында «Динамо» (Мәскеу) өз жерінде "Астана Арландарын" екі мәрте 5:0 есебімен ойсырата жеңген-мыс. Сол екеуінде де нәтижесі көңілге кірбің түсіретін осындай жекпе-жектер болған. Сол кезде біздің бапкерлер "жеңіске осындай жолмен жету "Динамо" мен Ресей үшін өте ұят" деп байбалам салған жоқ, Эдуард Кравцов мырза! Сондықтан Ресей командасының бапкері "Астана Арландары" атына өпе-назын төкпес бұрын сол екі кездесуді есіне түсірмей ме? Қара қылды қақ жарған әділетті болса, сол кезде қайда қалған?! 75 келі: Сергей Деревянченко – Петр Хамуков – 50:45, 50:45, 50:43 Бұл жекпе-жекте Сергей Деревянченко қарсыласына үстемдік танытты. Қарсыласы да осал емес сияқты еді. Бірақ шаршы алаңға шықпай жатып, Деревянченконың WSB жобасындағы адам қызығарлық көрсеткіштерінен шошыған ба, ештеңе көрсете алмады. Ал Деревянченко тағы да айқын басымдықпен жеңіске жетіп, осы салмақтағы боксшыларды тағы да үрейлендіріп қойды. 91 келі: Василий Левит – Алексей Егоров – 48:47, 48:47, 49:46 Бұл жекпе-жекте Васлиий жеңді. Әрине, айқын басымдықпен емес. Десек те, қимылы сылбырлау Еуропа чемпионы Егоровқа есе жіберген жоқ. "Төбелестен кейін жұдырық сілтейтін" бапкерлердің аузына қақпақ болу үшін өз қабілетін толықтай жүзеге асырып, күмәнсіз жеңу керек екендігін енді Левит те түсінген болар... Міне, осылай, "Астана Арландары" Ресей боксшыларын жеңді. Енді Қазақстан боксшылары 7 ақпанда түзде Мексика командасымен кездеседі.
"Астана Арландары" WSB аясындағы жетінші кедесуін өткізіп, Алатау бөктерінде «Russian Boxing Team» боксшыларын 5:0 есебімен күйрете жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.
Шаршы алаңға шыққан бес боксшымыз да жеңіске жетті. Енді солардың нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтсек (мейілінше әділетті болуға тырысамыз, өйткені ресейліктер кейбір жекпе-жек нәтижелеріне наразы):
49 кг: Мардан Берикбаев – Белик Галанов – 47:47, 48:46, 47:47 (0:1)
Бұл жекпе-жекте таразы басы екі жаққа алма-кезек ауып отырды. Бәлкім, ресейліктерге өз боксшылары басымдау болып көрінгендей болар. Бірақ оған ескерту жасалып, бір ұпайы алынып тасталғанын ұмытпайық. Жекпе-жек қорытындысын шығаруда осы ескерту маңызды рөль атқарғандай. Жалпы, екі боксшы арасындағы жекпе-жек тең аяқталса, шаршы алаң иесінің қолын көтермеуші ме еді?! Негізі, Марданның соққылары көбінесе діттеген жеріне дөп тиіп, пәрмендірек болғандай. Бірақ әлі де бойындағы толқынысын тарқата алмай жүрген сияқты.
56 келі: Мәди Шолақов – Никита Федорченко – 50:43, 49:44, 50:43 (0:2)
Мәдидің күмәнсіз жеңісіне ресейліктердің өздері де шүбә келтіре алмайды. Қазақ боксшысы WSB жобасында алғаш рет шаршы алаңға шықса да, сенімді ақтады. Ал қарсыласы жеңіліп жатқандықтан боксты төбелеске айналдырып жібергісі келді. Бірақ сол үшін екі рет ескерту алды.
64 келі: Асхат Уәлиханов – Максим Дадашев – 48:47, 49:46, 47:48
Бұл жекпе-жек Асхатқа баға жетпес сабақ болды деп ойлаймыз. Енді ол өзін-өзі қамшылайтын шығар. Ал ресейліктерге айтарымыз, WSB жобасының екінші маусымында, 2012 жылдың басында «Динамо» (Мәскеу) өз жерінде "Астана Арландарын" екі мәрте 5:0 есебімен ойсырата жеңген-мыс. Сол екеуінде де нәтижесі көңілге кірбің түсіретін осындай жекпе-жектер болған. Сол кезде біздің бапкерлер "жеңіске осындай жолмен жету "Динамо" мен Ресей үшін өте ұят" деп байбалам салған жоқ, Эдуард Кравцов мырза! Сондықтан Ресей командасының бапкері "Астана Арландары" атына өпе-назын төкпес бұрын сол екі кездесуді есіне түсірмей ме? Қара қылды қақ жарған әділетті болса, сол кезде қайда қалған?!
75 келі: Сергей Деревянченко – Петр Хамуков – 50:45, 50:45, 50:43
Бұл жекпе-жекте Сергей Деревянченко қарсыласына үстемдік танытты. Қарсыласы да осал емес сияқты еді. Бірақ шаршы алаңға шықпай жатып, Деревянченконың WSB жобасындағы адам қызығарлық көрсеткіштерінен шошыған ба, ештеңе көрсете алмады. Ал Деревянченко тағы да айқын басымдықпен жеңіске жетіп, осы салмақтағы боксшыларды тағы да үрейлендіріп қойды.
91 келі: Василий Левит – Алексей Егоров – 48:47, 48:47, 49:46
Бұл жекпе-жекте Васлиий жеңді. Әрине, айқын басымдықпен емес. Десек те, қимылы сылбырлау Еуропа чемпионы Егоровқа есе жіберген жоқ. "Төбелестен кейін жұдырық сілтейтін" бапкерлердің аузына қақпақ болу үшін өз қабілетін толықтай жүзеге асырып, күмәнсіз жеңу керек екендігін енді Левит те түсінген болар...
Міне, осылай, "Астана Арландары" Ресей боксшыларын жеңді. Енді Қазақстан боксшылары 7 ақпанда түзде Мексика командасымен кездеседі.