03 ақпан 2014 | 16:24

Қарашадағы кескілескен төбелес сотта қаралып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бейнебақылау камерасының кадры. Бейнебақылау камерасының кадры.

Өткен қараша айында Астанада болған жаппай төбелес бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұзақылық жасағандар Сарыарқа ауданының №2 сотында жауап беріп жатыр. Айыпкерлер үшеу, оларға қатысты айыптау қорытындысын оқыған прокурор Бауыржан Құлмағамбет төбелес кезінде бұзақылардың бірі – Мамбиннің қалтасынан алдын ала дайындалған кастетті шығарып, онымен үш жәбірленушіні сабағанын айтты. Жәбірленушілер – Оразалин мен ағайынды Қожабековтер есінен танып құлағаннан кейін де айыпкер оларды ұрып-соғуын тоқтатпаған. Прокурордың айтуынша, Мирас Мамбин Қылмыстық кодекстің 257-бабының 3-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасады. Ал қалған екі айыпкер – Руслан Мусинов пен Құмар Оспанов осы баптың 2-бөлімі бойынша айыпталады. Жауап алу кезінде Асқар Қожабеков пен Бақтияр Оразалин оқиғаның мән-жайын толық есіне түсіріп айта алмады. Дегенмен оның алғашқы соққыны басынан алғаны белгілі болды. Үшеуі үш қарсыласынан кезек-кезек таяқ жеген. Оразалиннің айтуынша, бірінші соққыдан оның көзілдірігі сынған, көзі нашар көретіндіктен, ол өзін кімнің бірінші ұрғанын байқай алмапты. Прокурор да, жәбірленушілердің адвокаты да, ақпарат құралдарына түсінік беруден бас тартты. Процесс барысында айыпкерлердің жоғары білімі бар екені, бірақ еш жерде жұмыс істемейтіні мәлім болды. Судья Нәби Пазылов отырысты 11 ақпанда жалғастыратын болды. Оған жәбірленушілердің бірі Аслан мен тағы екі куәгер қатысуы тиіс. Бұған дейін осы төбелеске қатысты қозғалған қылмыстық істің 24 қаңтар күні сотқа жолданғаны хабарланған болатын. Тұтқындалғандар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған-ды. Еске сала кетейік, Астанада Кенесары және Желтоқсан көшелерінің қиылысында кескілескен төбелес 2013 жылдың 22 қарашасында болды. Төбелес бейнебақылау қондырғысына түсіп қалып, кейін ғаламторда жарияланды. Оқиға салдарынан бір жігіт ауруханаға түсті. Тағы екі зардап шегушіге медициналық жәрдем көрсетілді. Патрульдік полиция замандастарын аяусыз ұрып соққан бес адамды қолға түсірді, олардың жас шамасы - 25 пен 28 аралығында. Астана қалалық ішкі істер департаменті мамандарының мәліметінше, әуелі дәмханада отырған екі топ өзара жанжалдасып қалған. Оның арты көшедегі бұзақылыққа ұласқан. Айыпкерлер 3-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer