04 ақпан 2014 | 11:39

"Астана Опера" театры Абайдың батасын алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры.Фото ©Нұрғиса Елеубеков Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры.Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Бүгін Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Астана Опера" театры гастрөлдік концертінің ашылу салатаны өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Дәл бүгін "Астана Опера" театрының ашылғанына 8 ай толып отыр. Біз 80 жылдық тарихы бар Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына гастрөлдік сапармен келіп отырмыз. Бұл жай ғана сәйкестік емес деп есептеймін. Біз өзіміз көрермені болған, өзіміз қызмет істеген қарашаңыраққа, мұндағы өмірден өтсе де көңілдерден кетпеген театр тарландарының рухтарына тағзым етуге келдік. Бұл театрдың сахнасында аты аңызға айналған Күләш Бәйсейітова, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова секілді қазақ операсының жарық жұлдыздары өнер көрсеткен", – деді "Астана Опера" театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов. Алматыда өткен баспасөз конференциясында "Астана Опера" және Абай атындағы МАОБТ қызметтестік туралы меморандумға қол қойды. "Бұл біз үшін өте көңіл толқытарлық сәт. Біз осы гастрөлдік сапарды күткенімізге біраз уақыт болды. Бұл екі театр бір мәдени кеңістікте қатар жұмыс істейді, театрларымыздың арасында ешқандай бәсекелестік туралы тіпті сөз де қозғалуы мүмкін емес. Біз бәріміз әріптеспіз, жақын достармыз. Бұл кездесуді ұйымдастырудағы басты мақсат тәжірибелі театрдың жас театрға қолдау көрсетуі, жас театрдың бас театрдан бата алуы деп түсінген жөн", – деді Абай атындағы МАОБТ директоры Ғабит Несіпбаев. Меморандумға қол қойылғаннан кейін Ғабит Несіпбаев "Астана Опера" театрына белгілі қазақ опера жұлдыздарының портретін сыйлады. Гастрөлдік бағдарламаның алғашқы күнін Ресейдің халық әртісі Юрий Александровтың "Біржан-Сара" операсы ашады. 5 ақпан күні сағат 12.00-де жас көрермендерге белгілі компазитор Сергей Прокофьевтің "Петя және қасқыр" атты қазақ тіліндегі симфониялық ертегісі қойылады. Сол күні кешке сағат 19.00-де "Астана Опера" театрының симфониялық оркестрі концерт береді. 6 ақпан күні көрермен назарына үлкен Гала-концерт ұсынылады. 7 ақпан күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілік ететін камералық хор өнер көрсетеді. 9 ақпан күні камералық залда камералық музыка концерті өтеді. Алматыдағы гастрөлдік сапары аяқталғаннан кейін "Астана Опера" Санкт-Петербургтегі Маринский театрына гастроөлдік сапарға аттанады. 8 наурызда Маринский театрының жаңа сахнасында Джузеппе Вердидің "Атилла" операсы, 9 наурызда "Біржан-Сара", П.Чайковскийдің "Ұйқыдағы ару" опералары қойылады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer