Ресей Батысты Украина ісіне араласпауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Батысты Украина ісіне араласпауға шақырды РФ Сыртқы істер министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Константин Долгов. ©News.mail.ru

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі батыс елдерін Украинаның ішкі істеріне араласуды тоқтатуға шақырды деп хабарлайды Tengrinews.kz РФ Сыртқы істер министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Константин Долгов осындай пікір білдірді. "Ешқандай араласу болмауы керек. Еуроодақ, АҚШ өкілдерінің Майданда заң шығарушы және атқарушы билік өкілі ретінде украин халқын күреске, "Еуропа үшін үндеуге" ашық шақыруы текетіресті одан әрі жалғастыруға, жағдайдың одан әрі ушығуына шақыруы болып есептеледі. Бұған басқаша баға беруге болмайды, бұл елдің ішкі істеріне ашық араласу, бұл біз сол мемлекеттік қайраткерлерден, сол батыс саясаткерлерінен естіп жүрген демократиялық ұрандармен мүлдем қабыспайды", - дейді Долгов. Оның айтуынша, Батыстың бұлай әрекет етуі демократияны жоққа шығарумен тең. Украинада текетірестің басылмай жатқанын еске саламыз. Жаппай тәртіпсіздікке ұласқан митингтер өткен жылдың қараша айында басталған болатын. Халықтық баскөтерулер елдің өзге аймақтарына да жайылып жатыр. Текетірестің әсерінен Украина үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети