04 ақпан 2014 | 16:30

"Астана" үмітін әлі үзген жоқ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет vtb-league.com сайтынан Сурет vtb-league.com сайтынан

Халықаралық "ВТБ бірегей лигасында" өнер көрсететін "Астана" баскетбол клубы соңғы үш ойында да жеңіске жетіп, жағдайын біршама түзеп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап. Биылғы маусым басталғалы кежегесі кейін тартып, жеңілісі жиілеп кеткен "Астана" желтоқсанның басында бас бапкерін ауыстырған. Қазақстан клубы "ВТБ бірегей лигасының" плей-офф додасына ілігуден үмітін түпкілікті үзе бастағанда, шыдамы таусылған клуб басшылығы "Астананы" екі жыл жаттықтырған Италия маманы Маттео Бонничиоллиді қызметінен босатқан болатын. Іле-шала оның орнына серб маманы Александар Трифунович тағайындалған еді. Әрине, "Астана" бірден түлеп шыға елген жоқ. Әйткенмен, әрбір кездесу сайын ойын өрнегі үйлесіп, көп күттірген жеңістерге де қол жеткізе бастады. "Астана" бас бапкері ауысқалы бері жеті ойын өткізіп, соның төртеуінде басым түсті. Әсіресе соңғы ойындарда қарқынын үдетіп, қаңтардың екінші жартысынан бері үш рет қатарынан жеңіске жетті. Атап айтар болсақ, астаналықтар түзде "Красные Крылья" (Самара) клубын 77:66 есебімен ұтып, елордада "Красный Октябрь" (Волгоград) командасын 106:86 есебімен, ал "Азовмаш" (Мариуполь, Украина) баскетболшыларын 95:80 есебімен тізе бүктірді. Осы үш жеңіс "Астананың" өшіп бара жатқан көмескі үміт сәулесін қайта тұтатты. Енді қалған төрт ойында осы қарқынынан таймаса, плей-оффқа ілігуі де ықтимал. Естеріңізге сала кетейік, енді "Астана" баскетболшылары "Химки" (Ресей) және "Цмоки-Минск" (Беларусь) клубтарын сәйкесінше 8 және 23 ақпан күндері елордада қабылдап, "Нептунас" (Клайпеда, Литва) және ВЭФ (Рига, Латвия) командаларымен түзде кездеседі (9 және 24 наурыз күндері).

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer