04 ақпан 2014 | 16:48

Дәрі-дәрмегі ең қымбат елдердің қатарына ендік

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Қазақтанды дәрі-дәрмегі ең қымбат елдердің қатарына қосты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аталмыш халықаралық ұйымның мәліметінше, елдегі дәрі-дәрмек бағамы Армения және Молдаван, Украина мен Беларус, Қырғыз және Ресей елдерінен де аспандап тұр. Мәселен, Армения өзінің халқын дертінен жазып алу үшін сатылымға түсетін дәрі-дәрмегіне 7,1 пайыз ғана үстеме қосса, Украинада бұл көрсеткіш 5,5 пайызды, Ресейде 7,5 пайызды, Қырғыз елінде 6,2 пайызды құрайды. Ал бізде сатылымға түсетін дәрі бағамына қосар үстеме баға 10-20-30 пайызға дейін жетіп үлгерген. Мұны ескерген арнаулы мамандар елдегі дәрі-дәрмек бағамына мемлекеттік бақылау қойылуы керектігін алға тартуда . Әсіресе мемлекеттен тегін берілетін дәрілерге бақылауды күшейткен абзал. Мысалы, үкімет тегін берілуі тиіс дәрілермен халықты қамту үшін қаншама қаржы жұмсайды. Өкінішке қарай, сол тегін дәрілердің өзі кейде сатылымға шығып кететін жайттар жиі кездеседі. Негізінде, біздің еліміз дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығымен ғана емес, дәріні ең көп тұтынуда және оның жанама әсерлерін сауатты саралай алмауда да ТМД елдері бойынша алғашқы үштікті межелейді. Қалай десек те бұл саладағы заңсыздықтар мен жауапсыздықтарға жүген салу мақсатында мамандар тарапынан ұсыныстар айтылмай жүрген жоқ. Соның бір парасы ретінде: ірі қалаларда қаптап кеткен дәріханалардың санын шектеу; шекара асып келген дәрілерді жан-жақты талдайтын, зерттейтін веб-емханалар ашу; жалған дәрілік заттарды таратқандарға қомақты мөлшерде айыппұл салу мәселесін жиі көтеріп-ақ жүр. Айта кету керек, бұл ретте сапасыз-жалған дәріні сатылымға шығарған компанияларға Францияда, АҚШ-та 2 млн доллар көлемінде айыппұл салынса, Ұлыбританияның қылмыстық атқару жүйесі жазықтыларды дереу бас бостандығынан айыруға дейін барады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer