04 ақпан 2014 | 20:15

Путин Олимпиада алауын жақпайтынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Путин. ©Марат Әбілов Владимир Путин. ©Марат Әбілов

Ресей Президенті Владимир Путин Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиада алауын жақпайтын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Р-Спорт" агенттігі таратқан мәліметке сүйеніп. Ақпарат құралының хабарлауынша, Ресей Президенті Қысқы Ойындардың басты алауын құрметке лайықты спортшылардың бірі жағуы тиіс екенін айтқан. "Мен қысқы спорт түрлерінің өкілі емеспін, мен жай ғана әуесқоймын. Ұйымдастырушылар алауды жағуға лайықты үміткерді табады. Бізде қысқы спорт түрлерін паш етіп жүрген көрнекті атлеттер көп", - дейді В.Путин. Ресей басшысы Олимпиада алауын жағатын адам туралы интернетте пайда болған ақпараттың ойдан шығарылған сөз екенін айтты. "Мен бұл әзіл жайлы естігенмін. Маған оны Песков (баспасөз хатшысы) айтып берген", - деді ол. Ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл қауесет көркем гимнастика шебері Алина Кабаева жөнінде. Бұған дейін Рунетте "Кабаева Олимпиада алауын жағатын болыпты" деген сыбыс тараған. Мұндай әңгімені ең алғаш болып тележүргізуші Ксения Собчак Тwitter-де жазған еді. "Олимпиада ойындарын Алина Кабаева алауды жағып, салтанатты түрде ашады. Оған ашылу салтанаты кезінде көп орын бөлінген", - деп жазған болатын Собчак. Айта кетейік, Сочи Олимпиадасына үш күн қалды. Жылдың басты халықаралық бәсекесінде 88 мемлекеттен 2800 спортшы бақ сынайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer