Владимир Путин қабыланмен бір торда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин қабыланмен бір торда болды Сурет kremlin.ru сайтынан алынған

"Ресей президенті Владимир Путин азиялық қабыландарды өсіру және сауықтыру орталығында болып, аң торына кірді" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Вести.Ru" ақпарат құралына сілтеме жасап Ресей президенті Владимир Путин азиялық қабыландарды өсіру және сауықтыру орталығына өзі басқарған "Нива" көлігімен келген. Оның жолаушы серіктері Халықаралық Олимпияда комитетнің басшысы Томас Бах пен Сочи ойындарына дайындықты Үйлестіру комиссиясының төрағасы Жан-Клод Килли болған. Шара барысында Владимир Путин Гром лақапты қабылан күшігінің торына кірген. Қабылан алғашында айбат шеккенмен, соңынан Ресей президентіне басынан сипауға қарсылық білдірмепті. Әйтсе де, торға жапа-тармағай кірген журналист қауымы Громға ұнамапты. Бір сәтте, Гром журналистерге тап беріп, біреуінің қолын тырнап, екіншісінің тізесінен тістеп, жарақаттаған көрінеді. Журналистердің дер кезінде тордан шығуы өзгелерін қатерлі жарақат алудан сақтап қалған. Десе де, Владимир Путин ол жағдайдан кейін де, біраз уақыт, қабыланның қасында болып, оны тыныштандырған. Мұны Ресей президенті "мен жануарларды жақсы көремін, шамасы, олар да соны сезетін сияқты" деп түсіндірген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети