05 ақпан 2014 | 15:48

Ахмет Байтұрсынұлының 6 томдығы жарық көрді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ахмет Байтұрсынұлының 6-томдығы. Фото ©Нұрғиса Елеубеков Ахмет Байтұрсынұлының 6-томдығы. Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасының көрмелер залында Алаш арыстарының бірі - ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 6 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұлттық тіл білімі ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 6 томдық жинағының тұсаукесер салтанаты ғалымның ғылыми шығармаларына арналған "Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары – мәңгілік мұра" атты дөңгелек үстел аясында жүзеге асты. Аталмыш шараны ұйымдастыруға ҚР Ұлттық кітапхана ұжымы, А.Байтұрсынұлын насихаттауда барын салып жүрген "Ұлт болмысы" журналының Бас редакторы Гүлжанар Амантайқызы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының директоры Райхан Имаханбет мұрындық болды. Дөңгелек үстелге белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ахметтанушылар, Алматы қаласындағы бірнеше мектептің басшылары қатысты. "Ел-Шежіре" баспасында басылып шыққан Ахмет Байтұрсынұлының 6 томдық жинағына алғысөзді белгілі ғалым Айгүл Ісмақова жазған. Ғалымның айтуынша, бүгінде Қазақстандағы Америка елшілігі осы кітаптты аттай қалап, ағылшын тіліне аударуға ниеттеніп жатқан көрінеді. Ғарифолла Әнес, ғалым, баспагер: – Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары біреу-екеу емес, алты том болып шығуы қазақ руханиятында үлкен оқиға. 70 жыл бойы шықпай келген Алаш арыстарының жинақтары енді-енді 1000, 2000 мың данамен болса да шығып жатыр. Мұндай тұлғаларымыздың кітабы 100 мың данамен кез келген баспадан шықса да артық болмас еді. Біз де таяуда Қазақ тіл білімінің антологиясы сериясымен 2 кітап шығардық. Оның бірі осы Ахаңның "Қазақ тіл білімінің мәселелері" кітабы болса, екіншісі белгілі ғалым Құдайберген Жұбановтың кітабы. Бұл кітаптар барлығы 7-8 мың данамен жарық көрді. 1988жылы желтоқсанның 28-інде Алаш арыстарының барлығы дерлік ақталды. Бірақ әлі күнге дейін оларға арналған мемлекеттік комиссия құрылған жоқ. Ресейде Есенинге, Гогольға, Пушкинге арналған жеке-жеке комиссиялар құрылған. Бізде арнайы комиссия болмағандықтан алаштықтарды әркім бір иеленіп жүр. Қазақтың мұндай азаматтарының мұралары ешкімнің жеке меншігі емес. Ұлттық құндылықтар мемлекеттің меншігі болуы тиіс. Қазір әр баспа өз шама-шарқынша кітаптар шығарып жатыр. Бірақ Ахаң болсын, Абай болсын, кез келген ұлы тұлғалардың кітаптары өз деңгейінде шығып жатқан жоқ. Сол үшінде міндетті түрде мемлекеттік комиссия құрылып, осы мәселе түбегейлі шешілуі тиіс деп есептеймін. Тарихи тұлғаларымыздың кітабы, біз үшін құрандай болуы керек. Сейітқан Исаев, ғалым: – Болашақты жасап кеткен біздің бабаларымыз. Олардың мұрасын біз көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. мен Ахаңның есімін сонау 1938 жылы алғаш Қазақ педогогикалық институтына түскенде ұстаздарымнан естідім. Ол кісінің тек қазақ тіліне, әдебиетіне ғана емес, жалпы халқының тағдырына, болашағына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ахаңа еліктеп қазақтан қаншама ғалым шықты. Ахмет Байтұрсынұлы, Ы.Алтынсарин секілді билікпен тартысып жүріп бізге оқулық жасап, мектеп ашып берген адамдардың мұрасына қалайша қамқорлық жасай алмаймыз. Алаштың азаматтарын ақтап алып, олардың еңбегін шығарып жатырмыз. Бірақ олардың кітаптары әрбір қазақ отбасында болуы керек. Шәкәрім деген мына кісі, Ахмет деген мынау, Абай деген мынау деп әрбір отбасында ата-ана балаларына таныстырып отыруы жөн. Өткенмен таныстырып отырып, ұрпағымызға келешекке бағыт бермейміз бе? Әр отбасында тұрмақ, әр мектептен қазір ұлы тұлғалардың кейінгі басылған кітаптарын кездестірмейміз. Осы мәселені ұлт болып, халық болып шешуіміз керек.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer