06 ақпан 2014 | 13:10

Банкоматтарға қауіп төніп тұр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

"Банкоматтарға қауіп төніп тұрса керек. Бұл тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде жаппай орын алуы мүмкін үлкен проблема" деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап Microsoft компаниясының техникалық қолдау көрсетіп отырған Windows XP операциялық жүйесі келмеске кететін сияқты. Былайша айтқанда, аталмыш компания банкоматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін патч шығаруды мүлде тоқтатпақ. Демек, ұры-қарының күні туады деген сөз. Айта кетейік, бүгінгі күні Windows XP жүйесімен жұмыс істейтін автоматтар паркі өте көп, яғни әлемдегі банкоматтардың 95 пайызы Windows XP көмегімен жұмыс істейді екен. "Егер Microsoft компаниясы шынымен де патч шығаруды тоқтатса, онда қолданыстағы банкоматтарға жаңа қауіпсіздік жүйесін енгізу қажет болады", - дейді мамандар. Ал ондай жаңа жүйені қазіргі автоматтар қабылдай алмайды, өйтені олардың өздері ескірген. Алайда қазақстандық банктер сабыр сақтауға шақырады. Олардың ойынша, дүрлігуге еш негіз жоқ. "Қандай жағдайға да дайынбыз" дейді. "Тіпті барлық жүйені жаңарту қажет болып жатса, банкоматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаржы мекемелері барлық амалдарды қарастырып қойған", - дейді "Банк ВТБ"-ның төлем карточкаларын қолдау бөлімінің бастығы А.Будянский. Қысқасын айтқанда, жұртшылықты сабырға шақырған отандық банктердің бір ауыздан айтқандары "Windows XP техникалық қолдау көрсетуін тоқтатқан күннің өзінде де анау айтқандай шешілмейтін проблема болмайды" дегенге саяды. Лайым, дегендері рас болсын деп тілейік. Банк қызметкерлері қолданыстағы банкоматтарды істен шығарып, орнына жаңа техника сатып алатындықтарын да айтып қалды. Ал бұл қыруар қаржы. Ондай болса, банктердің сол қаржыны транзакциялық операциялар кезінде халықтан өндіріп алу жағын ойластырып қоймағандарына кім кепіл? Өйткені Windows XP-ден Windows 7 сияқты жаңа жүйеге көшу, банкоматтың өзінің құнын есептемегенде, 100-200 АҚШ долларға айналады екен. "Казкоммерцбанк" мамандары да "Windows XP әбден ескірген бағдарлама. Оған қосымша банкоматтардың қауіпсізідігіне кепілдік беретін PCI DSS стандарты тағы бар. Бұл стандарт халықаралық төлем жүйесімен мақұлданған. PCI DSS қауіпсіздік стандарты – халықарылық стандарт" деп басу айтады. Оның рас-өтірігін кім білсін, естігеніміз - отандық банктердің жаңа жүйемен жұмыс істейтін банкоматтарға көшулеріне бар-жоғы екі ай ғана уақыт қалған сияқты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer