06 ақпан 2014 | 13:08

"Байқоңырдан" алтын балығы бар зымыран ұшырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Прогресс М-22М" - ұшыру алаңында. Фото: РИА Новости "Прогресс М-22М" - ұшыру алаңында. Фото: РИА Новости

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан 5 ақпанда "Прогресс М-22М" жүк кемесі бар "Союз-У" зымыраны сәтті ұшырылды деп хабарлайды Роскосмос баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Зымыран Астана уақытымен 22.23-те ұшырылған. Ал он минуттан кейін ғарыш жүк кемесі зымыран тасығыштан бөлініп шығып, ХҒС-қа қарай жол тартқан. Халықаралық ғарыш стансасына барып түйісу 6 ақпанның Астана бойынша 04.26 уақытына жоспарланған. "Прогресс" бортында оттегі, отын, ғылыми сынақтарға арналған жабдықтар, дәрі-дәрмектер, тамақ, су, ауа және ғарышкерлерге арналған сәлемдеме сынды 2,5 тонна жүк бар. Роскосмос өкілінің РИА Новости ақпарат агенттігіне хабарлауынша, жүктің арасында "Аквариум-AQH" атауындағы ресей-жапон тәжірибесіне арналған алтын балығы бар контейнер де жүр екен. Бұл бағдарлама мақсаты - микрогравитация жағдайында ғарыш сапарының жабық экологиялық жүйеге және оның құрамдас бөлігі - өсімдіктерге, жануарларға және балықтарға әсерін зерттеу. Ғалымдардың пікірінше, аталған зерттеуден алынатын ақпараттар іргелі ғылым үшін де, сол секілді биологиялық заттардың айналымы негізінде ғарыш экипажының тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін құру жөніндегі жұмыстар үшін де аса маңызды. Бұл сынақ халықаралық ғарыш стансасының америкалық сегментінде Kibo жапон модуліндегі JAXA Aquatic Habitat аквариумында жүргізілетін болады. Алтын балықтан тыс стансаға ұзын жауын құрттары мен масаның жұмыртқасы да жеткізіліпті. Бұл - "Байқоңыр" ғарыш айлағынан Ресейдің 2014 жылдағы алғашқы ғарыш ұшырылымы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer