06 ақпан 2014 | 15:34

Шенеуніктер мен халық арасын ғаламтор жақындатпақ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Марат Әбіловтың суреті Марат Әбіловтың суреті

Бюрократтыққа жол бермеу мақсатында Бас прокуратура тәжірибеге "Айқын" порталын енгізген болатын. "Айқын" жобасының ерекшелігі - қарапайым жұрт өтініштерінің қаралу барысын ғаламтор арқылы бақылауға мүмкіндік бермек. Мемлекеттік орындар мен қарапайым халық арасындағы бұрындары шектеулі болған байланыс енді онлайн режимінің көмегімен беки түспек. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаеваның мәлімдемесіне сілтеме жасағанTengrinews.kz тілшісінің бар айтпағы - "Айқын" порталының қызмет көрсету сапасының жақсара бастағандығы. "Біздің анықтағанымыздай заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік орындарға жүгінулері барған сайын азайып барады. Оған себеп, қазір көпшілік "Айқын" порталын пайдалануда. Айта кетейін, халықтың қолдауына ие болып отырған порталдың тәжірибеге енгізілуіне мұрындық болған – прокуратура. Ал "Айқын" аты айтып тұрғандай, сайт арқылы келіп түскен барлық сауалдар мен шағымдардың не пікір, ұсыныстардың барлығының ашықтығын қамтамасыз етпек", - дейді С.Айтпаева . Комитет төрайымы сонымен қатар, хат-хабар жіберген адам https://service.pravstat.kz сайты арқылы нөмірі бар талон алып, өтінішінің орындалу барысы мен оның кімге тапсырылғандығын және хатының қашан тіркелгенін біліп отырады. "Айқынға" бүгінгі күні 1673 мемлекеттік орган қосылған екен. Оның ішінде орталық мемлекеттік орындардан бастап, облыстық әкімшіліктер мен қалалық бөлімшелер де бар. Қашықтықтан бақылау мүмкіндігін пайдалану арқылы азаматтар алтын уақыттарын үнемдеп қана қоймай, барлық мән-жаймен толықтай хабардар болып отырады. С.Айтпаева: "Өткен жылы прокуратураның араласуымен мемлекеттік органдардағы арыз-шағымдарды қарау мерзімі бұзылған 13 мыңға жуық факті анықталды. Сол бойынша 550 прокурорлық қадағалу актілері енгізілді. Соның негізінде 590 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді. Төрайым сөзіне сенсек, 2015 жылға дейін бақылау жүйесі аудандық деңгейден бастап, барлық мемлекеттік орындарды қамтитын болады. "Халыққа мейлінше жағдай жасау үшін, біз қазір олар алған жауапты порталға орналастырып қоюдың техникалық мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз" деді сонымен қатар, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer