06 ақпан 2014 | 14:48

Ресейден шығын өндіру мәселесі созылып барады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышының құлаған сәті. ©РИА Новости "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышының құлаған сәті. ©РИА Новости

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына байланысты өтемақы өндіру мәселесінің созылып бара жатқанын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Байқоңыр" кешені аумағындағы өзекті мәселе - экологиялық ахуал. Зымыран тасығыштардың әрбір ұшырылымы халық арасында әлеуметтік ширығуды туғызады. Соған байланысты біз "Байқоңыр" кешені аумағында ҚР Экологиялық кодексін қолдану мәселесін көтердік, "Протон" зымыран тасығышы апаты кезінде қоршаған ортаның ластануынан болған шығынды есептедік, бірақ Экологиялық кодексті қолдану және шығынды өндіру мәселесі әлі күнге дейін созылып келеді", - деді Бақытжан Сағынтаев "Қазғарыштың" алқа мәжілісінде. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігіне "Жол картасы" шеңберінде өзге мемлекеттік органдармен бірге осы жұмысты белгіленген мерзімге дейін аяқтауды тапсырды. Еске салайық, былтыр шілденің 2-сінде үш "Глонасс-М" байланыс спутнигі бар "Протон-М" зымыран тасығышы ғарыш айлағы аумағынан көтерілмей жатып құлап түскен болатын. Қазақстан тарапы еліміздің экологиялық ахуалына келген шығынның 13 млрд теңгеден асатынын есептеп шығарды. Шығынды өндіру туралы талап Ресейге өткен жылдың қазан айында дипломатиялық арналармен жолданды. Ал Ресейдің федералдық ғарыш агеттігі бұл оқиғаға қатысты өз сараптамасын жүргізетінін хабарлаған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer