06 ақпан 2014 | 16:03

Қармақшылық тұрғын өзіне белгісіз жазуларды жазып-оқиды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бауыржанның алғашқы жазбалары Бауыржанның алғашқы жазбалары

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы – Қармақшы ауылында тұратын 31 жастағы Бауыржан Орынбаев есімді азамат он төрт жылдан бері өзге түгілі өзі де түсіне бермейтін белгісіз белгілерді жазудан арыла алмай келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол түсініксіз әрекетке алғаш рет 17 жасында тап болған екен. Содан бергі уақытта түсініксіз түрлі жазу-белгілермен 41 қалың дәптерді толтырып үлгеріпті. Бауыржаннан өзі жазып-сызған белгілерді оқып беруін сұрай қалсаңыз ол еш мүдірместен зуылдата жөнеледі. Алайда Бауыржан жазған-сызғандарының мән-мағынасын ашып айтып бере алмайды. Ол оқып жатқанда құдды бір қисса-дастанды жатқа айтып жатқандай әсерге енеді. Бауыржан айтқан сөздерді ести қалсаңыз не араб, не парсы халықтарының көне тілі ме деп қаларыңыз анық. Себебі, әр сөздің дыбыс-ырғағы араб-парсы тіліне өте ұқсас келетінін аңғарасыз. Ал оған белгісіз бір дауыс "осыны жаз-сыз!" деп бұйыратындай. Бауыржанның жақындары әлгі жазбаларды жергілікті дін өкілдері мен ғалымдарға көрсеткенімен, әзірге бұл тылсым күш, белгісіз құпияның сырын аша қоятын ешкім табылмай тұр. Кім білсін алдағы уақытта бұл құпияның ды сырын ашатын адам табылып қалар.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer