"Транстелекомның" экс вице-президентінің ісі сотқа жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Транстелекомның" экс вице-президентінің ісі сотқа жіберілді Мұхтар Әбдрахманов. Фото kazpost.kz сайтынан алынды

"Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясына қарасты "ТрансТелеком" акционерлік қоғамының бұрынғы вице-президенті Мұхтар Әбдрахмановтың ісі сотқа жіберілді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Естеріңізде болса, шенеунікке "қазынаның 4 млрд теңгесін қалтасына басты" деген айып тағылған болатын. Соған орай Мұхтар Әбдірахмановтың үстінен 176 баптың 4-ші пункті бойынша (өз міндетін асыра пайдаланды) іс қозғалып оның ісі Алматы қаласына қарасты Алмалы аудандық сотына жіберілді. Сондай-ақ, қаржы полициясы енді оның жалғыз әрекет етпегенін анықтап отыр. Мемлекеттің ақшасына Әбдрахмановтың бастығы Асқар Нәсенов те қол сұққан. "Транстелеком" компаниясына 2002-2007 жылдар аралығында жетекшілік еткен 47 жастағы Нәсенов қазір іздеуде жүр. Ал оның туған бауыры Несіпбай Нәсеновтің 90-шы жылдары қылмыстық ортада аты алысқа кеткен еді. Бір рет сотталып, бостандыққа шыққан бойда Испанияға қашқан "Сары Алмаз" ақыры жат жерде оққа ұшқан болатын. Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы маманының қорытындысына сәйкес "ТрансТелеком" АҚ мен "КТ&Т" ЖШС арасындағы келісімшарт жалған мәміле болып табылады. Бұл мемлекеттің 4,1 млрд теңгесінің негізсіз төленуіне әкеліп соққан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети