07 ақпан 2014 | 19:46

Партия Сыздықованы 8 миллион айыппұлдан босатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бақыт Сыздықова. ©tengrinews.kz Бақыт Сыздықова. ©tengrinews.kz

"Нұр Отан" партиясы Бақыт Сыздықованы айыппұл санцкиясынан босатуға ниет білдіріпті. Естеріңізге сала кетейік, партия Б. Сыздықованы "қарызға алған қомақты қаржыны уақытында қайтармады" деп айыптаған болатын" деп жазады, "Нұр Отан" партиясына жіберген сауалына алған жауаптарын алға тартып, Tengrinews.kz тілшісі. "Сыздықованың қоғамға сіңірген еңбегі ескерілмей қалмады. Оның ірі көлемдегі қаржыны уақытында қайтармағаны үшін салынып отырған айыппұл санкциясынан босату туралы сотқа жазған арызы қанағаттандырылды. Сот отырысының алдын ала тыңдалымы 19 ақпанға жоспарланып отыр. Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Ескерте кетейік, "Нұр Отан" несие бермейді. Ал Б. Сыздықоваға қаржылай көмек көрсетілгені рас. Өз кезегінде ол оны келісілген уақытта қайтаруы керек еді", – дейді партиядағылар. Естеріңізге сала кетейік, Б. Сыздықоваға "Нұр Отан" екі айға деп қарызға 7 миллион теңге берген болатын. Заңдық күші бар келісім-шартқа қарыз алушының өзі қол қойған-ды. Алайда Б.Сыздықова уәдесінде тұрмай төрт жыл жүріп алады. Партия оған неше мәрте жазбаша ескерту жасаған екен, одан еш нәтиже шықпайды. Ақырында партия өткен жылдың желтоқсан айында оны сотқа береді. Ал осы жылдың наурыз айында "Нұр Отан" қаржы-қаражатты қайда, қалай жұмсағандары турасында жауапты орындарға есеп беруі тиіс. Назарларыңызға сала кетсек, жауапсыздығы үшін экс-депутатты "Нұр Отан" қатарынан шығарып тастаған болатын. Сол кездері Сыздықова алған ақшаға өсімпұл қосылып, 15 миллион теңгеге бірақ шарықтайды. Сыздықованың айтқаны рас болса, ол қарызды КВН ойыншыларының Мәскеуде өткен Жоғары лигадағы жарысқа қатысулары үшін алса керек. Шынымен де, сол жолы біздің КВН ойыншыларымыз, Жоғары лигада финалға шыққан.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer