08 ақпан 2014 | 12:35

Жол ережесін бұзған тағы бір полицей жазаға кесілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
YouTube сайтындағы бейнежазба кадры YouTube сайтындағы бейнежазба кадры

Ақтауда жол ережесін бұзып, апатты жағдай туғызған полицей жазаға кесілді деп жазады Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасаған "Лада" газеті. Полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізуге ғаламторға қойылған бейнеролик түрткі болған. Оны осы апатты бейнетіркегіші түсіріп алған басқа көліктегі куәгер ұсынса керек. Бейнежазбада полицейдің қызметтік көлігінің жол ережесін өрескел бұзып бара жатқандығы тіркелген. "Ол аталған заңбұзушылық бойынша айыппұл төлеп қана қоймай, сонымен қатар полицейдің жаяу отряды қатарына ауыстырылды" дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетелік, осыған дейін Павлодардың бір полицейі дөрекі әрекетін әшкерлеуші YouTube желісіндегі роликтің салдарынан қызметінен айырылып қалған болатын. "Павлодар Полиция - қалай болса, солай жүрем" деген роликті павлодарлық Светлана Лебедка желіге орнатқан болатын. Бейнежазбада полицей нөмірі бар Skoda автокөлігі Павлодардың орталық көшелерінің бірімен келе жатып, бір мезетте алты рет жол ережесін бұзған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer