09 ақпан 2014 | 13:32

"Проммашкомплект" пен "Қазтеміртранс" дауы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет news.ivest.kz сайтынан Сурет news.ivest.kz сайтынан

Екібастұз қаласындағы "Проммашкомплект" жұмысшыларына далада қалу қаупі төніп тұр. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісіне зауыттың бас директоры Артур Хачатурян хабарлады. Жұмысшылардың айтуына қарағанда, мұндай қиындық туғызып отырған жағдай - "Қазтеміртранс" АҚ-ның келісім-шарт бойынша өнім сатып алуға тиіс міндеттерінен бас тартқандығы. Ал "Проммашкомплекттың" негізгі тұтынушылары солар. Негізі, екі кәсіпорын арасында ұзақ мерзімді келісім-шарт та болған екен. "Қазтеміртранстың" мұндай күтпеген тосын қылықтары кесірінен "Проммашкомплектта" бірнеше он мыңдаған дөңгелек еш пайдаға аспай, жаз айларынан бері қаңтарылып құр жатқанғанға ұқсайды. Артур Хачатурянның өзі былай дейді: "Қазақстан темір жолының" еншіліс компаниясының айтқандарына қарағанда, енді оларға дөңгелек керек емес. Сөйте тұра, дәл осы тауарды олар Ресейден тасымалдап отыр. Міндеттерін орындамаған "Қазтеміртранстың" кесірінен 3,5 миллиард теңгемізді ала алмадық. Бүгінгі күні зауытта 540 адам жұмыс істейді. Егер бұл түйінді мәселе оң шешілмесе, олардың барлығы далада қалады". Зауыт «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасының ең озық жобасы саналған болатын. Оның ашылуына Елбасы Н.Назарбаевтың өзі мұрындық болған-ды. 2012 жылы іске қосылған зауыт отандық нарыққа керек тауар өндіруде қуатты, әрі ең ірі саналатын кәсіпорын екендігін де жақсы білеміз. Оның мүмкіндігі орасан. "Біз бұдан да дами түссек деген едік. Темір жол кластерін құру арқылы, өңдеу жұмыстарынан бастап, пайдалануға дайын өнім шығарсақ деп жоспарлаған болатынбыз", - дейді, сонымен қатар, бас директор. Ал "ҚТЖ" екі тарап арасындағы түсінбестікті былай деп сипаттайды: "2012 жылдың наурыз айында келісім-шарт жасалғаны рас. Соның негізінде 2012-2015 жылдар аралығында "Проммашкомплект" бізге қажет дөңгелек шығаруға тиіс. 2012 жылғы келісім бойынша олар бізді тек 2700 дана дөңлекпен қамтамасыз етулері керек еді. Алайда оның бірін де көре алмадық. Өйткені тасымалдаушы кәсіпорын келісім-шарттың кейінге қалдыра тұру талаптарын орындамады, яғни олар дөңгелектегі сандық белгі мен СТ формасындағы дөңгелектің сертификатының жоқтығын желеу етті. Ал 2013 жылы 25400 дөңгелек жеткізіп берулері тиіс еді, алғанымыз бар-жоғы 4532 ғана. Салдарынан тасымал күрт төмендеп, ол өз кезегінде біздің жүк вагондарын дер кезінде жөндеуімізге керіс әсер етті". Айта кетейік, 2014 жылы "Проммашкомплект" келісім бойынша 32600 дөңгелек шығаруды мойнына алған екен, бірінші топтамамен тиісті орынға 10 мың дөңгелек жеткізіліп, "Қазтеміртранс" ол үшін төлемнің 30 пайызын (550,7 миллиона теңге) аударыпты. "7 ақпан күні "Проммашкомплекттан" 4450 дөңгелек қабылдап алдық. Қазақстанда "Қазтеміртранстан" басқа вагон парктері жоқ емес. Олардың саны қазір 171-ді құрап отыр. Ал сөз болған парктер менгішінде 61 мың вагон бар. Алайда жекеменшік операторлар дөңгелектерді сырттан арзан бағаға алғысы келеді. Ал "Қазтеміртранс" отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында тек "Проммашкомплектпен" ғана жұмыс істейді", деп мәлімдеді Ұлттық "ҚТЖ" компаниясындағылар.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer