740 млн теңге шығын: Ақтөбе облысында заңсыз жүк көлігін тіркеген қылмыстық топ ұсталды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

740 млн теңге шығын: Ақтөбе облысында заңсыз жүк көлігін тіркеген қылмыстық топ ұсталды Фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысында жалған құжаттар арқылы жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында жалған құжаттар арқылы жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, топ мүшелері жалған сатып алу-сату келісімшарттарын, қолдан жасалған тексеру актілерін пайдаланған және "Автопоиск" ақпараттық жүйесіне жалған деректер енгізген.

Нәтижесінде Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында 77 жүк көлігі – яғни, седельный тягачтардың – бастапқы тіркеуі заңсыз жүргізілген. Бұл рәсімдер салықтық талаптарды айналып өтіп жүзеге асқан.

Алдын ала есеп бойынша, тіркеу алымдарының төленбеуінен мемлекетке келтірілген залал 740 миллион теңгеден асқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

Қазір күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course up  574.22  course up  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети