10 ақпан 2014 | 10:09

Адам ізі 800 мың жылдан соң табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Martin Bates Фото: Martin Bates

Ғалымдар Ұлыбритания аумағынан 800 мың жыл бұрын түскен адам ізін тапты. Ол Англияның шығысындағы Горфлок графтығына қарасты Хапписбург (Happisburgh) елді-мекенінде анықталған деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC News-ке сілтеме жасап. Бұл - Африка континентінен тыс жерден табылып отырған адам ізінің ең ежелгісі. Хапписбург елді-мекені 2010 жылдан бері барша әлемге таныс, ол кезде бұл арадан байырғы кремний құрал-саймандары мен 950 мың жылдық қару табылған. Зерттеушілер ізді судың қайтуы кезеңінде теңіз жағалауынан байқаған. Оның кейбіреуі ірі де, ал қалғандары майда болып келеді. Ең үлкені - қазіргі 42-өлшемдегі аяқ-киімнің ізіне сәйкес. Алдын ала жүргізілген зерттеулер бойынша, табан іздерін бір топ немесе бір отбасы қалдырған: бір немесе екі ересек еркек, бір немесе екі әйел және бірнеше бала. Британ мұражайының докторы Ник Эштон бұл археологиялық жаңалықты өте сирек құбылыс және соңғы уақыттағы ең маңыздысы деп атады. "Мұндай жаңалық Ұлыбритания мен барлық Еуропа территориясындағы қоныстану процесіне жаңаша қарауға түрткі болады" деді ол. Британ ғалымдары адам табанының ізі Еуропаның ең ежелгі гоминидомы деп саналатын, б.з.б. 1,2 миллионнан бастап 800 мың жылға дейінгі аралықта өмір сүрген алғашқы адам (Homo antecessor) түріне тиесілі деп санайды. Көптеген антропологтың пікірінше, Homo antecessor неадерталдықтар мен Homo sapiens-тің ортақ тегі болуы мүмкін.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer