Есенқұл Жақыпбеков. Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті ақын Есенқұл Жақыпбектің 60 жылдығына орай "Менен де осы өтті өмір..." атты ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтпек. Кешке ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, әнші Саят Медеуов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі, әнші-сазгер Жәкен Омаров, Роза Әлқожа сынды өнер шеберлері қатысады. Еске алу кешін "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Жанарбек Әшімжан жүргізеді. Есенқұл Жақыпбек 1954 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. 1974 жылдың тамыз айынан аудандық газет редакциясында еңбек ете бастады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Айтыс сахнасында 30 жылдай халықтың сүйіспеншігіне бөленді. Ол халық арасында кең тараған ән-термелердің авторы. Қазақстан Республикасы Президентінің үш дүркін Степендианты. Есенқұл Жақыпбектің "Бастау", "Ағымнан жарыламын", "Біз екеуміз", "Жеріңе табын", "Біздің елдің жігіттері", "Есіл дүние-ай!", "Бұл жаз да өтер", "Тау басында кәрі қар", "Сарғайған сары терезе", "Тазқара құстың тағдыры" атты жыр жинақтары қазақ поэзиясына қосылған қазына.
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті ақын Есенқұл Жақыпбектің 60 жылдығына орай "Менен де осы өтті өмір..." атты ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтпек. Кешке ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, әнші Саят Медеуов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі, әнші-сазгер Жәкен Омаров, Роза Әлқожа сынды өнер шеберлері қатысады. Еске алу кешін "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Жанарбек Әшімжан жүргізеді.
Есенқұл Жақыпбек 1954 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. 1974 жылдың тамыз айынан аудандық газет редакциясында еңбек ете бастады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Айтыс сахнасында 30 жылдай халықтың сүйіспеншігіне бөленді. Ол халық арасында кең тараған ән-термелердің авторы. Қазақстан Республикасы Президентінің үш дүркін Степендианты.
Есенқұл Жақыпбектің "Бастау", "Ағымнан жарыламын", "Біз екеуміз", "Жеріңе табын", "Біздің елдің жігіттері", "Есіл дүние-ай!", "Бұл жаз да өтер", "Тау басында кәрі қар", "Сарғайған сары терезе", "Тазқара құстың тағдыры" атты жыр жинақтары қазақ поэзиясына қосылған қазына.