Ұлттық пернетақта -AdamSky. Фотоны құрылғы авторлары ұсынды
AdamSky атауындағы ұлттық пернетақта авторлары өз өнертабыстарын Қазақстанның барлық мектебінен көргісі келеді, сондықтан осы негіздегі ұсынысымен құзырлы ведомстваға шықпақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне құрылғыны жасаушы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Диас Жүнісбеков мәлімдеді. Жас кәсіпкерлер еліміздің барлық мектебі мен колледждеріндегі электронды жабдықтар бағдарламасын - е-learning-ті жаңалауға қатысуды жоспарлап отыр. " Біз қазір оған ( е-learning бағдарламасына) республикамыздың барлық мектебіне ұлттық пернетақтаны тасымалдау құқығына ие болу үшін енсек пе дейміз. Біз, негізінен, жас буынды нысанға алып отырмыз. Үлкендерді қайтадан жаңаға үйрету қиындау, ал кішкентайлар онда демде жұмыс істеп кетеді" дейді сұхбат берушіміз. Ұлттық пернетақтаны жасаушылар қазір Білім және ғылым министрлігімен келіссөз жүргізіп, жобаның барлық қыр-сырын бүтіндеуге тырысып жатыр. Осы мақсатта олар үлкен көлемде - 20 мың данаға тапсырыс беруді жоспарлаған. Ал 2014 жылдың наурызында қазақстандық пернетақтаның авторлары е-learning жобасы бойынша жұмысты бастап кетпекші. Алғашқы таныстырылымы өткізілген 2012 жылғы көктемнен бері қазақстандық пернетақта бірқатар өзгеріске ұшырағанын баса айта кетелік. Негізінен, қазақ қаріптері пернесі тақтаның ортасына тоғыстырылды. Сонымен қатар гаджеттің кейбір моделдеріне сай мультимедиалық перне және флешкаға арналған USB-порт орнату көзделген еді. Авторлар 3 мың данадан тұратын ұлттық пернетақтаның алғашқы партиясын түрлі жекеменшік компанияларға сәтті саудалаған. Ұлттық пернетақтаның авторлары өз өнертабыстарын Президент Н.Назарбаевқа екі мәрте таныстырған: Астанадағы шетелдік инвесторлар форумында және Елбасының Инновациялық технологиялар паркіне сапарында. "Президентпен кездесуіміз - біз үшін үлкен оқиға. Елбасы біздің өнертабысымызды бағалады, одан біз жаңа күш-қуат алып, ары қарай жылжи беретін боламыз" деп айтқан еді алдында Жүнісбеков.
AdamSky атауындағы ұлттық пернетақта авторлары өз өнертабыстарын Қазақстанның барлық мектебінен көргісі келеді, сондықтан осы негіздегі ұсынысымен құзырлы ведомстваға шықпақшы. Бұл туралы
Tengrinews.kz тілшісіне құрылғыны жасаушы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Диас Жүнісбеков мәлімдеді.
Жас кәсіпкерлер еліміздің барлық мектебі мен колледждеріндегі электронды жабдықтар бағдарламасын - е-learning-ті жаңалауға қатысуды жоспарлап отыр. " Біз қазір оған ( е-learning бағдарламасына) республикамыздың барлық мектебіне ұлттық пернетақтаны тасымалдау құқығына ие болу үшін енсек пе дейміз. Біз, негізінен, жас буынды нысанға алып отырмыз. Үлкендерді қайтадан жаңаға үйрету қиындау, ал кішкентайлар онда демде жұмыс істеп кетеді" дейді сұхбат берушіміз.
Ұлттық пернетақтаны жасаушылар қазір Білім және ғылым министрлігімен келіссөз жүргізіп, жобаның барлық қыр-сырын бүтіндеуге тырысып жатыр. Осы мақсатта олар үлкен көлемде - 20 мың данаға тапсырыс беруді жоспарлаған. Ал 2014 жылдың наурызында қазақстандық пернетақтаның авторлары е-learning жобасы бойынша жұмысты бастап кетпекші.
Алғашқы таныстырылымы өткізілген 2012 жылғы көктемнен бері қазақстандық пернетақта бірқатар өзгеріске ұшырағанын баса айта кетелік. Негізінен, қазақ қаріптері пернесі тақтаның ортасына тоғыстырылды. Сонымен қатар гаджеттің кейбір моделдеріне сай мультимедиалық перне және флешкаға арналған USB-порт орнату көзделген еді. Авторлар 3 мың данадан тұратын ұлттық пернетақтаның алғашқы партиясын түрлі жекеменшік компанияларға сәтті саудалаған.
Ұлттық пернетақтаның авторлары өз өнертабыстарын Президент Н.Назарбаевқа екі мәрте таныстырған: Астанадағы шетелдік инвесторлар форумында және Елбасының Инновациялық технологиялар паркіне сапарында. "Президентпен кездесуіміз - біз үшін үлкен оқиға. Елбасы біздің өнертабысымызды бағалады, одан біз жаңа күш-қуат алып, ары қарай жылжи беретін боламыз" деп айтқан еді алдында Жүнісбеков.