Алматы барахолкасы. ©Дмитрий Хегай
Алматы барахолкасының күзетшілері "Юпитер" базарындағы өрт жайлы кеш хабар берген. Бұл туралы Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. "Өрттің мейлінше ықтимал себебі электр сымдарының поливинилхлорид оқшаулағыштарының жануы болуы мүмкін, электр доғаның қысқа тұйықталуынан басқа заттар да қызып, отқа орануы ықтимал. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша өртену аумағынан мұнай тәрізді сұйықтықтардың, өзінен өзі тұтанғыш заттардың ізі анықталған жоқ. Мұнымен бір мезгілде Әділет министрлігінің Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институты өрт-техникалық сараптамасын жүргізетін болады", - делінген ведомствоның ақпаратында. Министрлік мамандарының мәліметінше, өрттің дер кезінде хабарланбауы жалынның көп ауданға таралуына себеп болған. "Күзетшілер отты 17 минут бойы өз күштерімен залалсыздандыруға тырысқан. "Юпитер" базарын келісімшарт бойынша күні-түні күзетумен айналысатын "Орбита" ЖШС жұмысшылары түсініктемесіне жүргізілген зерттеу өрттің №48 павильонда сағат 21.01-де байқалғанын көрсетті, бұл мәлімет бейнебақылау камерасы жазбаларымен расталды. Өрт байқалған уақыттан өртсөндіру қызметі пультіне алғашқы қоңырау шалынған уақыт (21.09) аралығында күзетшілер жалынды өртсөндіргіштің көмегімен және базардың шығыс жағынан "Б" оқпанымен сөндірмек болған. Оқиға орнына алғашқы өртсөндірушілер 21.18-те келіп жеткен", - дейді министрлік мамандары. Еске сала кетейік, барахолкадағы соңғы өрт оқиғасы 4 ақпан күні тіркелген болатын. Өрттің нақтыланған ауданы 400 шаршы метрге жуықтайды.2013 жылдың күзінде бұл маңдағы базарларда екі рет ірі өрт болған еді.
Алматы барахолкасының күзетшілері "Юпитер" базарындағы өрт жайлы кеш хабар берген. Бұл туралы Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Өрттің мейлінше ықтимал себебі электр сымдарының поливинилхлорид оқшаулағыштарының жануы болуы мүмкін, электр доғаның қысқа тұйықталуынан басқа заттар да қызып, отқа орануы ықтимал. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша өртену аумағынан мұнай тәрізді сұйықтықтардың, өзінен өзі тұтанғыш заттардың ізі анықталған жоқ. Мұнымен бір мезгілде Әділет министрлігінің Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институты өрт-техникалық сараптамасын жүргізетін болады", - делінген ведомствоның ақпаратында.
Министрлік мамандарының мәліметінше, өрттің дер кезінде хабарланбауы жалынның көп ауданға таралуына себеп болған. "Күзетшілер отты 17 минут бойы өз күштерімен залалсыздандыруға тырысқан. "Юпитер" базарын келісімшарт бойынша күні-түні күзетумен айналысатын "Орбита" ЖШС жұмысшылары түсініктемесіне жүргізілген зерттеу өрттің №48 павильонда сағат 21.01-де байқалғанын көрсетті, бұл мәлімет бейнебақылау камерасы жазбаларымен расталды. Өрт байқалған уақыттан өртсөндіру қызметі пультіне алғашқы қоңырау шалынған уақыт (21.09) аралығында күзетшілер жалынды өртсөндіргіштің көмегімен және базардың шығыс жағынан "Б" оқпанымен сөндірмек болған. Оқиға орнына алғашқы өртсөндірушілер 21.18-те келіп жеткен", - дейді министрлік мамандары.
Еске сала кетейік, барахолкадағы соңғы өрт оқиғасы 4 ақпан күні тіркелген болатын. Өрттің нақтыланған ауданы 400 шаршы метрге жуықтайды.2013 жылдың күзінде бұл маңдағы базарларда екі рет ірі өрт болған еді.