10 ақпан 2014 | 15:18

Өскеменде ерекше ықшамаудан құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото kk.wikipedia.org сайтынан фото kk.wikipedia.org сайтынан

Өскеменде ерекше ықшамаудан құрылады. Ерекшелігі сол, алдағы уақытта құрылғалы отырған бұл ықшамауданның аулалары түгелдей дерлік жарықтандырылып, автоматтандырылған жылу есептеу пункттері қойылып, электр қуатын, жылуды үнемдейтін құрылғылар орнатылатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шығыс Қазақстан облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Юрий Халитовтың айтуынша, биыл Өскеменнің Тәуелсіздік көшесі бойындағы 24, 24/1, 26, 26/1, 28 көпқабатты тұрғын үйлер "Энергия үнемдейтін ықшамаудан" етіп жасалмақ. Терможаңғырту бағдарламасы аясында бұл үйлердің ауласы жарық үнемдейтін шамдармен жарықтандырылып, әдеттегі терможаңғырту жұмыстарымен бірге, кешенді жөндеу - жылылау шаралары жүргізіліп, үйлерге коммуналдық қызмет түрлерін есептеу құралдары, жылуды реттейтін автоматтандырылған жылу пункттері қойылмақ. Тіпті, бағаналардағы аула шамдарының өзін күн батареяларымен жарықтандыру жоспарланып отыр. "Энергия үнемдейтін ықшамауданның" аулалары бюджет қаржысы есебінен көріктендірілетін болады. Бұл шараға университетті тәмамдайтын болашақ құрылыс – сәулет мамандары қатыстырылып, олар тәжірибе жинай отырып, дипломдық жұмыстарын да қорғап шықпақ көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 481.61   535.12   5.24 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети