11 ақпан 2014 | 15:29

Доллар бағамының өсуін бас банкир бес себеппен түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов. Фото ©Нұрғиса Елеубеков Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов. Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Теңгенің күрт девальвацияға ұшырауының себебін, бас банкир бес себеппен түсіндірді деп хабарлайды бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатындағы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. "Біріншіден, бұл арада жетекші дамушы елдердегі, оның ішінде БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка) елдеріндегі жағдай негізге алынып отыр. АҚШ-тағы "сапалы жұмсару" бағдарламасына сәйкес, қаржы дамушы елдерден дамыған елдерге ағылды, сөйтіп бұл аталған мемлекеттердің ұлттық валютасына қысым түсірді. Әлемдік экономиканың кейінгі даму жағдайы нақты болмағандықтан, әлемдік қаржы және тауар нарықтарында дүрбелең орын алып, баға өз еркіне кетті. Екіншіден, қазір Ресей рублінің жағдайы аса қиын. Бір кеңістікте қарым-қатынас құрғандықтан, ондағы жағдай да біздің экономикамызға әсер етпей қоймайды. Былтырдан бері бүгінге дейін Ресей рублі әлсіреуін жалғастырып келеді. Үшіншіден, бұл ҚР төлем балансы жағдайына да байланысты. Ағымдағы қаржылық операциялардың жағымды көрсеткіштерге ие болып отырғандығына қарамастан, елімізге ағылып келіп жатқан импорт көлемі үдей түсуде. Төртіншіден, спекульяциялық іс-қимылдар да орын алды. Салдарынан девальвацияға қатысты тәуекел жоғарлай түсті. Спекульятивтік дүрбелеңнің, айырбас курсы өзгерістерінің алдын алу үшін Ұлттық банк валюталық нарыққа жиі араласып отырды. Бесіншіден, болашақта инфляцияны 3-4 пайызға төмендету үшін Ұлттық банк инфляциялық шектеуге өтуді жоспарлады, ал ол дегеніміз – айырбас курсын қатаң қадағалаудан бас тарту" деді Қ.Келімбетов мырза ұлттық валютаның құнсыздануы салдарына қатысты ресми пікірінде. "Осылайша теңге айырбас курсының сыртқы бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіру, ҚР экономикасы сыртқы сауда балансын және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау – Ұлттық банк валюталық саясатына өзгерістер енгізуді қажет етті. Сөйтіп 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап Ұлттық банк ақша айырбас курсын бұрынғы қалпында ұстауды доғаратыны, валюталық интервенция көлемін төмендететіні және теңге курсын құру процесін тежеуді тоқтататыны туралы шешім қабылдады", – дейді Қ.Келімбетов. Ұлттық банктің хабарлауынша, енді 1 АҚШ долларының жаңа бағамы 185 теңге төңірегінде болады. "Осыған байланысты Ұлттық банк айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату-сатып алу бойынша мынандай құбылмалы дәліз енгізеді: АҚШ доллары үшін ±2 теңге, ал евро үшін ± 3 теңге. Ал белгіленген осы деңгейден шетел валютасы бағамын арттырып, спекульциялық іс-қимылға барушы ақша айырбас пункттері табылып жатса, олар қатаң түрде жазаланады. Лицензиясын алып қоюға дейін барамыз" деп кесіп айтты бас банкир. Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы жергілікті әкімдермен, экономикалық ведомствадағылармен бірігіп бағаның негізсіз шарықтамауын қадағалауды жоспарлап отырғанын да нығыздап айтты. – Біз нарықтағы барлық бағаны мониторингтен өткіземіз. Олардың қаншалықты негізді-негізсіздігін бағалаймыз. Ал асыра сілтеуге жол бергендерге жаза қолданылады деп сенемін. Жалпы, биылғы инфляция 6-8 пайыз көлемінде болуы тиіс, осыған сәйкес теңгеге шаққандағы 1 АҚШ долларының бағамы 185 теңге көлемінің сақталуын қорғаймыз, – дейді өз сөзінде Қ.Келімбетов. Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық банктің бүгінгі ақша айырбас курсына енгізілген өзгеріске байланысты енді 1 АҚШ доллары 183 немесе 187 теңге аралығында болады. Бұл арада Ұлттық банк белгілеген шетелдік валюталардың бүгінгі шекті бағасы орташа мерзімге арналғанын ескерте кетелік.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer