12 ақпан 2014 | 10:57

Халықтың қомақты қаржысы құнсызданып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Ұлттық банктің теңгенің айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тартуы қазақстандықтардың банктерге салған салымының құнсыздануына әкеліп соқтырды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы елдегі біраз БАҚ өкілдері де арнайы шолу жасаған. Мәселен, "Миллионер" журналы сараптап отырғандай 2013 жылы елдегі банктерде жинақталған теңгелік депозиттердің көрсеткіші 6317 млрд теңгені құраған. Ал 11-ші ақпандағы теңге девалвациясынан кейінгі деректер бойынша бұл сома 1,263 трлн теңгеге төмендеген. "Ұлттық банктің халыққа жинақты ұлттық валютамызда сақтаған жөн дегеніне қарамастан, теңгелік депозиттердің деңгейінің сақталу кепілдігіне қандайда бір шаралар қарастырылмаған. Осыны ескерсек, теңгелік депозиттер шығынға ұшырап отыр. Девалвация 20 пайызды құрап отырғанымен теңгелік депозиттердің сыйақысы бар болғаны 9,4 пайыз. Болашақта да теңгелік депозиттерге тағайындалатын сыйақы көлемінің өсуі екіталай" деп жазады Миллионер журналы. Сол тәрізді "Мегаполис" басылымы да теңгелік депозиттердің шығынға ұшырағанын, бұл девалвация жинақ салымына қаржы жиған қазақстандықтардың 333 трлн теңгесін жұтып алғанын, осылайша ел тұрғындары қомақты қаржыларын құнсыздандырғанын тізбелеп отыр. Еске салайық, Ұлттық банк 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан бас тартты. 1 АҚШ доларының жаңа бағамы 185 теңге төңірегінде болады. Осыған байланысты Ұлттық банк айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату-сатып алу бойынша мынандай құбылмалы дәліз енгізеді: 1 АҚШ доллары үшін 185 ±3 теңге. Ұлттық банктің бұл шешімі еліміздің тұрғындарын алаңдатып тастады. Теңге құнсызданған кешегі күні елдегі ірі сауда орындары, валюта айырбастау пункттері жұмысын тоқтатып, тіпті қайсыбір айырбастау пункттері доллардың сатылу бағамын 200 теңгеден асырып белгілеп те қойды. Үкімет басшысы Серік Ахметов шұғыл жиын өткізіп, Үкімет мүшелеріне арнайы шаралар қабылдауға тапсырмалар берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer