12 ақпан 2014 | 13:50

Қайрат Нұртастың концертіне билет жетпей жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас Фото ©Нұрғиса Елеубеков Қайрат Нұртас Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Ақпанның 13 күні Астана қаласында әнші Қайрат Нұртас концерт бермек. Тыңдармандарының саны жағынан талай әншіні шаң қаптыратын әнші бұған дейін де бірнеше рет Астанада концерт бермекші болған еді. Алайда белгілі себептерге орай концерт кейінге шегерілген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астаналықтардың сұрауымен ақпанның 13-інде Қайрат Нұртас өз өнерін сүйетін тыңдармандарымен қауышпақ. Концертті ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда концертке билет жетіспей жатқан көрінеді. "Егер 13 ақпан күнгі концертке билеттің жетіспеуінен кіре алмай қалған көрермендердің саны көп болып, 14-і күні тағы концерт беруге көрермендерден ұсыныс түсіп жатса, Қайрат екінші күні де концерт беруі мүмкін. Әзірге бұл жорамал ғана", – деді әншінің продюсері. Елордалықтарды дарынды әнші өзінің жаңа әндерімен қуантпақ. Концерт барысында Қайрат Нұртастың Астана жайлы жаңа әнінің тұсауы кесіледі деп күтілуде. Сондай-ақ таяуда ғана Қайраттың "Жаса, Қазақстан" деген альбомы жарық көрген болатын. Осы альбомның тұсауы да елорданың төрінде кесілмек. Халық негізінен Қайраттың өнерін тамашалу үшін, жаңа әндерін тыңдау үшін концертке келетін болғандықтан басқа өнер жұлдыздары концертке шақырылмаған екен. Тек көпшіліке белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Қайраттың концертіне құттықтап келетіні белгілі болды. Қайрат Нұртастың Астанадағы концертін Маржан Сұлтанбай мен Жанатбек Бәйтеков жүргізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети