Мал басы азайып барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мал басы азайып барады ©Нұрғиса Елеубеков

Ауылды жерлердегі халықтың қолда ұстап отырған малының саны азайып келеді. Қазақстан фермерлер одағының отырысында Әуезхан Даринов осылай мәдімдеді деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. "Елдің кейбір облыстарына қарасты ауылдардың жартысы мүлдем мал ұстамайды. Бұл үрдісті ресми тұлғалар "жақсы белгі" деп атап, оның орнына фермалардың мал саны артып келе жатыр деп отыр" дейді Әуезхан Даринов. Еліміздегі ірі шаруашылықты дөңгелетіп отырған фермерлер мемлекеттің шағын өндірушілерге назар аударуы қажет екендігін айтады. Бұлай етпегенде қолдағы барымыздан айрылуымыз мүмкін. Фермерлердің бас қосуында одақ төрағасы Ә.Даринов: "Бір жағынан ауылдарда мамандар жетіспейді. Екіншіден, жастар жақсы өмір сүруді аңсап, қалада жұмыс істегенді тәуір көреді. Басты мәселе, ауылдағы өмір сүру деңгейінің төмен болуында және табыстың көңіл көншітпейтінінде. Біз осыған қатысты талдау өткізе отырып таң қалдыратын жағдайларды анықтадық. Еліміздің 6 облысындағы елдімекендерің 40-50 пайызы мал ұстамайды. Бұл биліктегілердің көзқарасын өзгертуі тиіс" дейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети