12 ақпан 2014 | 20:26

Мешімбаева соттағы соңғы сөзін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суретте адвокат Ботагөз Бейсембаева мен Анар Мешімбаева. Фото ©Әсел Сатаева Суретте адвокат Ботагөз Бейсембаева мен Анар Мешімбаева. Фото ©Әсел Сатаева

"Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева соттағы соңғы сөзін сөйледі" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. "Мен өзімнің бар өмірлік тәжірибемді статистика саласын реформалауға арнадым деп халық алдында ант етемін. Ешқандай топ құрған жоқпын. Өзімнің орынбасарларыммен қоян-қолтық жұмыс істедім. Команда - бұл сенің сөзіңді айтқызбай-ақ түсінетін пікірлестерің. Жымысқы әрекет жасау үшін топ құрған жоқпын. Менің ондай ойым да, оны жүзеге асыратын уақытым да болған емес. Мемлекетке ешқандай залал келтірмедім", - деді соттағы соңғы сөзіңде Анар Мешімбаева. "Мәртебелі судья, Сізден ешқандай ұрлық жасамағынымды біліуіңізді өтінем. Мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын, сондықтан маған тағылған айыптарды алып тастауыңызды және менің іс-әрекеттерімді ақтауыңызды сұраймын. Өйткені, менің іс-әрекетім еш дәлелді қажет етпейді. Мен әділдік үстемдік құратынына сенемін" - деді Мешімбаева. "Бұл жерден босап шығамын деп үміттенемін, өйткені біздің елде реформа жасаған үшін түрмеге отырғызбайды. Егер олай болмаса, Қазақстанды дамытуға талпынатын адам қалмайды" деп соңғы сөзін аяқтады. Айта кетер жайт, адвокат Мешімбаеваның кінәсі жоқ екені туралы дәйектер мен дәлелдер келтірілген баяндамасын бірнеше сағат оқыды. Сот статистика агентігінің бұрынғы басшысына қатысты үкімнің 14 ақпанда шығатыны туралы қаулы қабылдады. Сондай-ақ, бүгін түске дейін болып өткен сот отырысы барысында прокурор айыпталушы Анар Мешімбаеваға "8 жыл жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтеу шарасын белгілеуді" сұрады. Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің "Ұрлау" және "Лауазымын асыра пайдалану" деген екі бабымен айыпталған болатын. Бірінші бап бойынша Анар Мешімбаеваға "Ұлттық санақ өткізу кезінде бланкілер жасауға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды" деген айып тағылған. Бұл мақсатқа бір миллиард теңгеден аса бюджет қаржысы қарастырылған. Тергеу амалдары санақ жүргізуге қажетті бланктерді жасауға 386 млн. 416 мың 591 теңге жұмсалғанын, қалған 758 млн. 249 мың 409 теңге қолды болғанын көрсетті. Ал, Анар Мешімбаева мен оның адвокаты барлық баптар бойынша тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer