13 ақпан 2014 | 09:05

Полиция қызметкері ер азаматты соққыға жығып, қоқыс шұңқырына тастаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет  Tengrinews.kz сайтынан алынған Сурет Tengrinews.kz сайтынан алынған

"Астана қалалық Ішкі істер департаменті потрульдік полиция полкінің қызметкері ер азаматты соққыға жығып, қоқыс шұңқырына тастаған" деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға өткен жылдың сәуір айында орын алған. Полиция қызметкері Тойғұлов Астана қаласының теміржол вокзалының аумағында кезекшілік атқарып жүргенде қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін Бащыбеков деген азаматты ұстайды. Полиция бөлімшесінің алдында екеуі сөзге келіп қалады. Сонан соң Тойғұлов Бащыбековтің қолына кісен салып, соққының астына алады. Қылмыстың ізін жасыру үшін полиция қызметкері соққыға жығылған азаматты "Әсем" сауда үйінің маңына апарып, басын матамен орап, жеңіл көліктің жүк салғышына тастайды. Одан әрі, Тойғұлов Бащыбековті Астана қаласындағы Алаш шоссесімен баратын тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауытқа апарып, қолындағы кісенді шешіп, қоқыс шұңқырына итеріп жібереді де оқиға орнынан ізін суытады. "Айыпталушының өзіне тағылған айыпты жоққа шығарғанына қарамастан, арнайы прокурор жүргізген тексеру барысында Тойғұловтың заңға қайшы әрекеттері толық дәлелденіп, іс сотқа жіберілді", - дейді прокуратурадан. Полиция қызметкері "айыпты" деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer