13 ақпан 2014 | 09:33

Джохар Царнаев 3 қарашада сот алдында жауап береді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет  washingtonpost.com сайтының иллюстрациясы. Сот залынан Сурет washingtonpost.com сайтының иллюстрациясы. Сот залынан

"2013 жылдың сәуір айында Бостон қаласында террорлық әрекет жасады деп айыпталушы Джохар Царнаев 2014 жылдың 3 қарашасында сот алдында жауап береді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Мұндай шешім Бостонның федералды сотының 12 ақпандағы алдын ала тыңдауының нәтижесінде қабылданды. Сот Джохар Царнаев қорғаушысының істі қарауды 2015 жылдың қыркүйегіне не одан да кейінге шегеру бойынша жасаған өтінішін қанағаттандырмады. "Менің ойымша, бұл нақты және әділетті мезгіл", - дейді судья Джордж О'Тул. Қорғаушы мен прокурордың пайымдауынша, сот ісі үш айға созылуы мүмкін. Егер Джохар Царнаев "айыпты" деп танылса, онда алқа билерге оған өлім жазасын қолдану керектігін шешу үшін тағы алты ай қажет болады. Естеріңіз сала кетсек, Джохар Царнаев ағасы Темірланмен бірге 2013 жылғы Бостон марафоны кезінде жарылыс жасап, салдарынан үш адам қайтыс болып, 260 адам жарақат алған болатын. Кейінірек Темірлан полицейлермен атыс кезінде оққа ұшқан еді. Ал, Джохар Царнаев полицияның арнайы іс-қимылы барысында қолға түсіп, оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Олардың 17-сі бойынша өлім жазасы қарастырылған. Әйтсе де, Джохар Царнаев бірде-бір пункт бойынша өз айыбын мойындаған жоқ.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer