Ақтөбе дәрігерлері науқасты сотқа бермекші

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жарақат алған Айгул Ақжігітова  "Диапазон" газетінің суреті Жарақат алған Айгул Ақжігітова "Диапазон" газетінің суреті

Ақтөбе облысында тосын оқиға орын алды. Суицид әрекетке барған әйел жедел жәрдеммен ем-дом пунктіне жеткізілгенде ондағы медбике мен тағы басқа қызметкерлер қансырап жатқан науқас өздеріне тап береді деп әсте ойламаса керек. "Бүкіл ауданды, қала берді, облысты елең еткізген бұл жайтты "Диапазон" газеті жазып отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға негізі өткен аптада болған екен. Жасы 27-лер шамасындағы әйел өзінің тамырын өзі кесіп, жағдайы нашарлап кеткен соң сол сәтте қасында болған ер адам көмек шақырған-ды. Дәрігерлер оның жарақатын таңып, тиісті шаралар жасай бастаған кезде, әйел дүлей соққандай жан-жағында тұрғандардың барлығына атылып, ұрып-соғып, салдарынан медбикенің миы шайқалыпты. "Әдеттегідей кезекшілікте сол күні менен басқа дәрігер мен санитар әйел болды. Хирург басқа науқасқа жәрдем беруге шығып кеткені сол еді, әйел өзінен-өзі долдана бастады. Қолын дәкемен таңып берейік десек, өзінің қансырап жатқанына қарамастан, мені қылғындырып, ұзын тырнақтарымен мойнымды осып жіберді. Жарақаты терең болып, мойным қанға боялды. Қорғанып, "қазір полиция шақырамын" деп жанұшыра айқай салған едім, ол қашып кетті", - дейді, теміржол ауруханасының медбикесі Айгүл Ақжігітова. Аурухана қызметкерлері ол әйелді сотқа бермекші. Бұл жайында аурухана бас дәрігерінің орынбасары Зәмзә Хайруллина былай дейді: "Науқасты жедел жәрдем бригадасы ауруханаға әрең алып келіпті. Негізі олар жындыхана қызметкерлерін шақырмақ болған екен, оның қасындағы жігіт "ауруханаға алып барыңыздаршы" деп қиылыпты. Қазір белгілі болып отырғаны – оның есімі – Гүләйім. Жасы – 27-де. Тегі белгісіз. Енді сотқа шағым жазбақшымыз. Жарақат алған медбике бірнеше күн бойы емделіп жүрді. Миы шайқалған оған оңай тиген жоқ. Дәрігерлер мен медбикелердің де құқықтары бар".

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 488.53  course down  536.57  course up  5.51  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer