Доллардың қымбаттауы нан бағасына әсер етпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллардың қымбаттауы нан бағасына әсер етпейді Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Павлодарда нан бағасын өсірмеуге қатысты тиісті іс-шаралар қолға алынды. Доллардың қымбаттауы Павлодар облысындағы нан бағасына әсер етпейді. Бұл туралы кеше облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеше облыс әкімдігі жанындағы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау басқармасы өңірдегі нан-тоқаш өндіретін 20-ға жуық кәсіпорын басшыларымен меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес аталмыш кәсіпорындар бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін "ас атасының" бұрынғы бағасын тұрақты ұстап тұруға келісті. Бұл бастаманы қолдаған ұн тартушылар мен наубайшылар нан бағасын көтермеуге уәде берді. Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін өңірдің ішкі нарығында әлеуметтік нан бағасының негізсіз көтерілу фактілері тіркелмеген. Нұржан Әшімбетовтің мәліметінше, аймағымыздағы қоймаларда 200 мың тонна астық сақталуда. Мамандардың есебіне сүйенсек, жергілікті нарықтағы астыққа деген сұраныстың көлемі айына 4-5 мың тоннаны құрайды. Сондықтан, нан бағасын негізсіз көтеру мәселесі туындамайтыны анық. Меморандум үстіміздегі жылғы тамыздың бірінші жұлдызына, яғни орақ науқанына дейін өз күшінде болмақ. Нұржан Кемерұлы картоп бағасының да шарықтап кетпеуін назарда ұстау керектігін айтты. Үстіміздегі жылғы ақпанның біріне дейінгі жағдай бойынша картоптың бір келісі 60 теңгеден сатылуда. "Ішкі нарықтағы экономикалық жағдай картоп бағасына әсер етпейді. "Екінші нан" облыстағы барлық әлеуметтік дүкендерде қолжетімді бағамен сатылады", - деді Н.Әшімбетов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети