13 ақпан 2014 | 13:11

Шаруаларға 3 мың теңге ғана төлейді екен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото uralpolit.ru сайтынан Фото uralpolit.ru сайтынан

Жергілікті жерлерде "Агробизнес-2020" бағдарламасы туралы мүлдем білмейді. Жер алқаптары тиімсіз пайдаланып, шаруаларға 3-ақ мың теңгеден береді. Ал ауыл шаруашылығы техникасын қазіргі қарқынмен жаңарта берсе, оған 50 жыл кетеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесінің төрағасы Михаил Трошихинге сілтеме жасап. Оның айтуынша, республика аймақтарын аралау барысында бірқатар өзекті мәселелер анықталды. Біріншіден, жергілікті жерлерде шаруалар "Агробизнес - 2020" бағдарламасы туралы толыққанды білмейді. Сондықтан аталған бағдарламаны халық арасында кеңінен түсіндіру керек. Өйткені кейбір фермерлер оның негізгі жақтарын мүлдем білмейтін болып шықты. Екіншіден, жер алқаптарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлген жөн. Себебі қазіргі иелері оны мақсатсыз пайдаланып жатыр. "Олар жер пайларын алып алды да, шаруаларға ештеңе бермейді. Атбасар ауданында ондай арыз-шағымдар көп. Ал Солтүстік Қазақстан облысында бір шаруаға 9 гектар жері үшін 3-ақ мың теңге берді. Жерді олай игеруге бола ма?!", - дейді М.Трошихин. Үшіншіден, сала ардагерлерін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмысы қатты алаңдатады. Өйткені техниканы бір жылда жаңартудың қазіргі 1,5-2 пайыздық қарқынымен ол жұмысқа 50 жыл кетеді. "Стратегиялық маңызы бар зымырандардың өзінде ондай кепілдік мерзімі болмайды", - деп атап көрсетті М.Трошихин.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer