13 ақпан 2014 | 13:50

"Сарыарқа" плей-оффқа шығып қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суретте Е.Төлепберген мен Г.Петров. Фото: hc-saryarka.com Суретте Е.Төлепберген мен Г.Петров. Фото: hc-saryarka.com

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында биылғы маусымның негізгі додасы аяқталуға айналды. Алда – плей-офф ойындары. Қазақстанның бір клубы оған мерзімінен бұрын шығып та қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Барлық спорт жанкүйерлерінің назары Сочи Олимпиадасына ауып, Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) ойындары көлеңкеде қалып қойды. Ал негізі, қазір мұнда да бәсекелестік шектен тыс қызып тұр. Өйткені бірнеше клуб плей-оффқа ілігу үшін жанталасуда. Қазақстанның екі клубының да жағдайы жаман емес. Қарағандының "Сарыарқасы" ЖХЛ біріншілігінің аяқталуына бірнеше тур қалғанда плей-оффта бақ сынау мәселесін шешіп қойған. Дәл қазір қарағандылықтар 46 ойыннан 86 ұпай жинап, 4-орында тұр. Кеншілер клубының алдында – Нефтекамскінің "Торосы" (46 ойын, 91 ұпай), Пермьнің "Молот Прикамьесі" (45, 90) және Тюменьнің "Рубині" (45, 89). Ал Өскенемннің "Қазцинк-Торпедосы" 45 ойыннан 76 ұпай жинап, 9-орында тұр. Шығысқазақстандықтардың да плей-оффқа ілігерлеріне күмән келтірмейміз. Өйткені "Братина" кубогын ЖХЛ-дың 16 командасы сарапқа салады. Тек мүмкіндігінше турнир кестесінде неғұрлым жоғары орналасқан дұрыс. Өйткені плей-оффтың барлық сатысында турнир кестесіндегі орын маңызды рөл атқарады. Мысалы, плей-оффтың алғашқы сатысында ЖХЛ кестесінде 1-орын алған команда 16-орынға орналасқан ұжыммен додаға түседі. Көшбасшы болғанның пайдасы осы, барлық кезеңде неғұрлым осалдау командамен кездесіп отыратын болады. Жалпы, биылғы маусымды "Қазцинк-Торпедо" өте жоғары қарқында бастап, бірер тур көш бастаған да болатын. Бірақ қазір – жылдағыдай турнир кестесінің ортан белінде. Ал "Сарыарқа" керісінше, биылғы маусымды өте сәтсіз бастап, көш соңынан бір-ақ шыққан. Содан бас бапкерін ауыстырып, Ресейден шақыртылған Евгений Зиновьевтің орнына словак маманы Душан Грегорды тағайындады. Осыдан кейін команданың ойыны үйлесе бастады. Қазір міне, былтырғыдай жеке-дара көш бастамаса да, үздіктер қатарында. Айтпақшы, "Қазцинк-Торпедо" да бас бапкерін ауыстырды. Жалпы, кейінгі жылдары Өскемен клубы басшыларының маусым барысында бас бапкер ауыстырулары әдет болып кетті демесек те, үйреншікті жағдайға айналғандай... Биыл Ресейдің беделді маманы Владимир Плющевпен де дәм-тұздары жараспағандай. Клубтың баспасөз қызметі мәлімдегендей, ресми түрде екі жақты келісіммен еңбек шарты 31 қаңтарда бұзылып, тараптар бір-бірімен ың-шыңсыз қош айтысты. Қазір Өскемен клубын бас бапкердің қызметін уақытша атқарушы Андрей Псарев жаттықтырып жүр. Оған Максим Комиссаров көмектесуде. Енді әліптің артын тосамыз, осы айдың аяғында, нақтырақ айтқанда, 24 ақпанда ЖХЛ біріншілігі аяқталады. Сонда қазақтың қос клубының плей-оффтың алғашқы сатысындағы қарсыластары да белгілі болады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer