90 жастағы Польшаның экс-президенті әйелінің көзіне шөп салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

90 жастағы Польшаның экс-президенті әйелінің көзіне шөп салды Польшаның экс-президенті Войцех Ярузельский cурет se.pl ақпарат құралынан алынған

Әйелінің 90 жастағы Польшаның экс-президенті Войцех Ярузельскийді "көзіме шөп салды" деп айыптағаны туралы хабарды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, таратты. 84 жастағы Барбара Ярузельская өзінің 53 жыл некеде болған жарынан ажырасуды талап етті. "Адвокатыммен бірге бар қажетті құжаттарды дайындап қойғаныма төрт айдың жүзі болды. Егер күйеуім ана әйелден бас тартпаса, онда ажырасу туралы сотқа өтініш берем»-дейді Барбара ханым. Польшаның экс-бірінші ханымы 90 жастағы күйеуінің 50 жасар өзінің бұрынғы үй қызметшісімен жақын қатынаста болып жүргенін айтады. Ярузельскийлер шаңырағының шырқын бұзып жүрген ол нәзікжандыны Барбара "жеңіл жүрісті, ішімдікке бейім, тек ақшаны ойлайтын әйел" деп кінәлайды. Дегенмен, экс-президент экс-бірінші ханыммен ажырасуға келісімін бермейтінін жеткізіпті. Естеріңізге салсақ, президенттерге қатысты мұндай шулы оқиға бұған дейін францияда орын алған болатын. Ол кезде, 59 жастағы Франция президенті Франсуа Олланданың 41 жасар актриса әйел Жюли Гайемен ғашықтық қатнаста болғаны әшкереленіп, нәтижесінде президент құрбысы Валери Триервейлермен ажырасқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети