13 ақпан 2014 | 15:50

Азық-түлік бағасында өзгеріс болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Тengrinews.kz Фото Тengrinews.kz

Доллар бағасы өскенімен еліміз нан мен күрiштен таршылық көрмейді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАгроИнновация" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әзімхан Сатыбалдинге сілтеме жасап. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында басқарма басшысы халық жиі тұтынатын өнімдердің бағасы сақталатындығын жеткізді. "Азық-түлiктің ішiнде нан мен күріш әлемдегі халықтың басым бөлігі тұрақты пайдаланатын тамақ және оның бағасының тұрақты болуы БҰҰ өзі қадағалап отырады. Қазақстанда бұл жағынан ешқандай проблема жоқ. Супермаркеттермен салыстырғанда базардағы баға әлдеқайда төмен. Осы орайда сүт пен көкөніс өнімдеріне қатысты мәселе туындамауы тиіс деп ойлаймын" деді Ә.Сатыбалдин. Баспасөз отырысында Ә.Сатыбалдин өнiм бағасы аздаған өзгерістер орын алып, шамамен 3,5 пайыз шамасында болуы мүмкіндігін жеткізді. Сондай-ақ, 2014 жылы ауыл шаруашылығы ғылымына бөлінген қаржы сомасы өзгермеген күйі қалмақ. Мысалы, биыл осы саланы дамыту үшін 4,6 млрд теңге қарастырылған. Оның 1,4 млрд теңге ауыл шаруашылығы ғылымына тер төгіп жүрген ғалымдардың жағдайына жасауға және лабороторияларды жаңартуға бөлініп отыр. "Доллар бағасының жоғарылауына байланысты ауыл шаруашылығы ғылымында аса маңызды емес салалар жоспардан шығарылып тасталады" деді Әзімхан Сатыбалдин.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer