13 ақпан 2014 | 17:13

Ресей Украина еуразиялық идеяға оралады деп сенеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ресей Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев. ©РИА Новости Ресей Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев. ©РИА Новости

Ресей Украинаның Еуразиялық интеграция процесіне оралатынына сенеді деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости" таратқан ақпаратпен бөлісіп. РФ Президентінің аймақтық экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сергей Глазьев Еуропа одағы мен АҚШ-тың Еуразиялық интеграция процесінен ажырату үшін Украина билігіне қысым көрсетуге күш салып отырғанын айтты. Глазьев бұл әрекетті "саяси психоз" деп атады. "Украина біздің Кедендік одаққа өмір бойы мұқтаж. Ол әрқашан біздің экономикалық кеңістіктің көп мәселе бойынша шешуші бөлігі болған. Украинаның еуразиялық интеграциялық процесс шеңберінен басқа келешегі жоқ. Ақылға салып қарасақ және біздің ортақ мүддемізді ескерер болсақ, біз Украинаның интеграция процесіне оралатынына иек артамыз", - дейді Глазьев. Украинаның Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта бақылаушы ел екені және өзінің Еуразия интеграциялық процесіне бағыт алғанын жариялағаны белгілі. Өткен жылдың қараша айында ел үкіметі Еуропа одағына қосылуға дайындықты тоқтатты. Бұл Украинада жаппай наразылықтың өршуіне себеп болды. Украина Кедендік одақта да бақылаушы мәртебесінде болғанымен, ресми Киев бұл ұйымға мүше болуға дайын емес екенін мәлімдеді. Қазақстандық саясаттанушылар Украинаның Еуропа одағымен кірігуі Қазақстанның пайдасына шешілетінін айтқан болатын. Айталық, саясаттанушы Марат Шибұтов "Украина ресейлік нарықтағы маңызды игерілмеген тетіктерді бізге қалдыруы мүмкін. Олар - кондитер, астық пен металлургия өнімдері", - дейді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer