"Ел Арна" наурыз айында өз жұмысын тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ел Арна" наурыз айында өз жұмысын тоқтатады Фото ©Нұрғиса Елеубеков

"Ел құлағы – елу" демекші "Ел Арна" телеарнасының жабылатыны туралы ақпарат ел аузында жүр. Әлеуметтік желілерде де осы бір елді елеңдеткен жаңалыққа ойларын білдіріп жатқандар жетерлік. "Ел Арнаның" ертеңіне алаңдап арнаның басшысы Серік Абас-Шах ағамызға хабарласқанымызда ол кісі бұл ақпаратты жоққа шығармайтынын айтты. Әзірге белгілісі, 1-наурыздан бастап "Ел Арна" өз жұмысын тоқтатпақ. Қазақстанның 75 пайыз аумағын қамтып, 10 миллионға жуық көрерменге әртүрлі жанрдағы бағдарламалар мен фильмдерді тәулігіне 18 сағат бойы ұсынып отырған белді арнаның жабылуының себебі көпшілік үшін беймәлім болып отыр. Телеарнаның не себепті жабылатыны, жоғары жақтағылар қандай мақсатта осындай әрекетке барып отырғандығы белгісіз. "Ел арнаның" ең алғашқы бағдарламалары әлі күнге дейін ел аузында. "Ошақтың отын өшірмей", "Қара өлең", "Заң мен заман", "Дін мен діл", "Мың бір мақал", "Қазақтар", "Ой көкпар", "Қарапайым қағидалар" сияқты хабарлар елді елең еткізер мәселелерді қозғады. Ал қазақ әнін, музыка өнерін насихаттаған "Саз сандық", "Кертолғау", "Ұлы дала сазы", "Ауылдың алты ауызы" сияқты бағдарламалар көрерменнің көзайымына айналған еді. Кейінгі уақытта телеарна ұжымы "Ел Арнаны" отбасылық арна етуге біраз еңбектенді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети