Астанада ақыл есі кем адамдар да жауапқа тартылыпты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ақыл есі кем адамдар да жауапқа тартылыпты ©recoveringgrace.org

Астана қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкiн. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 31-бабына сәйкес, мұндай әрекет қабілеттігі жоқ тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершілікке тартуға тыйым салынады. "Алайда, Астана қаласының Ішкі істер департаментіне қарасты мекемелер мен Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы тарапынан созылмалы психикалық сырқатқа шалдыққан, ақыл-ес кемдiгi немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйi салдарынан ақыл-есi кем болған 6 жеке тұлғаны әкiмшiлiк жауапкершілікке тарту фактілері анықталып отыр", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Аталған мәселеге қатысты Астана қаласының прокуратурасы заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізген. Сонымен бірге әрекет қабілеттігі жоқ алты азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күші жойылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети