13 ақпан 2014 | 19:29

Қашағандағы жұмыстың тоқтауына теңге девальвациясының қатысы жоқ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қашаған кенішінің көрінісі Фото ©REUTERS Қашаған кенішінің көрінісі Фото ©REUTERS

Қашаған кенішіндегі мұнай өндіру жұмыстарының тоқтап қалуына теңге девальвациясының еш қатысы жоқ. Бүгін Орталық коммуникациялыр қызметіндегі брифингте Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлім етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұнай министрінің айтуынша, ағымдағы жылы мемлекеттің мұнай-газ секторындағы түсімі толығымен қамтамасыз етіледі. "Екінші мәселе, дәл осы Қашағанның алғашқы жылында бюджет қыруар қаражатпен қарық болады деп әу бастан күткен емеспіз. Сонымен қатар, ондағы жұмыс теңге құнын түзетуге де еш әсер етпегені айқын", - деді министр Қарабалин. Оның сөзіне қарағанда, кен орнынан түсетін кіріс алғашқы жылы негізінен инвестицияны жабуға кетеді. "Тек содан қалған бөлігі ғана келісімшартта көрсетілгендей, жер қойнауын пайдаланушылар (консорциуммен) мен мемлекет арасында бөлініске түсетін болады. Сосын келісімшартқа сәйкес, бірінші кезеңде инвестицияны өтеуге дейінгі үлестің басым бөлігі инвесторлар тарапында болады, өйткені оларға өздерінің шығынын шапшаңырақ жабуға мүмкіндік беріледі. Сондықтан да, Қашаған жұмысының алғашқы жылдары республикаға түсетін табыс онша көп болмайды", - деп түсіндірді мұнай министрі. Еске сала кетейік, осы аптаның сейсенбісінде Ұлттық банк теңге бағамын бұрынғы деңгейінде ұстап тұрудан бас тартқан болатын. Ал Қашаған кен орнында мұнай өндіру былтырғы жылғы 11 қыркүйекте басталды, алайда газдық ақауларға байланысты жұмыс бірнеше мәрте тоқтаған болатын. Кейіннен құбырдың ақау берген бөлігі британдық зертханаларға да жіберілген. Ал бұған дейін "Тоталь" басшысы Кристоф де Маржери Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты келісімге қатысушы барлық тараптың Қашағандағы мұнай игеруге кедергі келтірген олқылықтарды тұтастай жоятын шаралар қабылдайтынына сендірген болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer