13 ақпан 2014 | 20:27

Пойыздың соғылуына кінәлі "Алматы-2" стансасы қызметкерлеріне айыппұл салынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©railways.kz ©railways.kz

Жетісу аудандық №2 соты 2013 жылдың шілдесінде екі жолаушылар пойызының соғылуына жол берген "Алматы-2" стансасы қызметкерлерін айыпты деп тауып, оларды айыппұл төлеуге міндеттеді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". "Екі қызметкер де Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 295 бабының (Жол қозғалысы және теміржол көлігін жүріске қосу тәртібін бұзу) төртінші тармағы бойынша айыпты деп танылды. Әрбір айыпты 250 АЕК көлемінде айыппұл төлейді" деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне 2014 жылдың 13 ақпанында өткен соттың төрағасы Жомарт Мұхамбетжан хабарлаған. Соттың айтуынша, бұл жаза айыпталушылардың өз кінәсін мойындауын, олардың отбасылық жағдайын және қылмыстың аса ауыр еместігін есепке ала отырып, кесілген. "Олар теміржол көлігін жүріске қосу кезінде жол қозғалысы ережесін сақтауы керек еді, бірақ бұл тәртіпті бұзды, сөйтіп адамдардың өміріне қауіп төндірді. Айыптылар жұмыстан босатылған. Ол арада бұл оқиғаға қатысты көп адам жұмыстан кеткен. Бұл қасақана жасалған әрекет емес, тек жұмыста ұқыпсыздық жіберілген" дейді Мұхамбежан. Еске сала кетелік, 2013 жылдың шілдесінің соңында "Алматы-2" стансасы жұмысшылары екі жолаушы пойызының соқтығысуына жол берген. "Алматы-Петропавл" пойызы хабарлама бойынша жүріске дайындалып тұрған, сол кезде оператор шатасып, сол жолға Алматыдан Новосібірге жол тартпақшы басқа құраманы да қойған. Екі пойыз қақтығысынан бес адам зардап шекті: екі жолсерік және үш қызмет көрсетуші адам, олардың барлығы лезде ауруханаға жеткізілген болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer