Денис Тен – тоғызыншы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен – тоғызыншы

Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындары барысында қазақстандық мәнерлер сырғанаушы Денис Тен бірінші бағдарлама қорытындысы бойынша тоғызыншы орынға жайғасты деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Мәнерлер сырғанаушылар бәсекесінде әлем рекордын жаңартқан жапониялық спортшы Юдзуру Ханю бірінші орында келеді. Оның бағдарламасын төрешілер 101,15 ұпаймен бағалады. Екінші орында әлем чемпионы – Патрик Чан тұр. Канадалық спортшының еншісінде 97,52 ұпай бар. Үздік үштікті 86,98 ұпаймен испандық спортшы Хавьер Фернандес қорытындылап тұр.Қысқа бағдарламасын орындау барысында бірнеше қателіктер жіберген Денис Тен болса, 84,06 ұпаймен тоғызыншы орында. Тағы та бір отандасымыз Абзал Рақымғалиев бірінші жарыс күні 64,14 ұпаймен жиырмасыншы орынға табан тіреді. Бүгін спортшылар еркін бағдарлама бойынша сайысатын болады. Ұйымдастырушылар финалдық кезеңге өткен 24 спортшыны алты-алтыдан төрт топтқа бөлген. Денис Тен мұзайдынға үшінші алтылықта яғни, 13-ші болып шығады. Ал, Абзал Рақымғалиев бесінші болып еркін бағдарламасын көрсетеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети