Терезені ашам деп құбырды қатырып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Терезені ашам деп құбырды қатырып тастады ©canalizator-pro.ru

Петропавл қаласының тұрғыны қыстың қақаған аязында пәтерінің терезесін ашық қалдырғандықтан көп қабатты үйдің жылу құбыры қатып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көршілері әзірге әкімдікке шағымданумен шектеліп отыр, егер мұндай жағдай тағы қайталанса сотқа шағымданбақ. Терезені жабуды ұмытып кеткен Александр Мальцевтің үйіндегі кәріз құбырлары мұз құрсауында қалды. Жуынатын бөлмедегі құбырлар, унитаз бен ванна көк мұз болып қатып қалған. Соның салдарынан үстіңгі қабаттағы көршілердің де ағын сулары төменге ақпай, үйдің ішіне кеткен. Пәтер иесі болса өткен жылдың шілдесінен бері бұл үйде тұрмағандығын айтып ақталуда. Тек анда-санда келіп, жылжымайтын мүлкін қарап кетеді екен. Енді қыдырымпаз көршінің кесірінен жоғарғы қабатта тұратындар жапа шегуде. Пәтердегі иіс қолқаны қабады. Оның үстіне жылу жүйесі де істен шығудың аз-ақ алдында тұр. Ылғалдың кесірінен жуынатын бөлменің төбесі мен қабырғасы қопси бастапты. Көршілер желіні жөндеуге сантехник те шақырған. Бірақ ол жұмыстан бас тартқан. Айтуынша, қатып қалған құбырлар мен санитарлық техниканы тегіс ауыстыру керек. Ал Александр Мальцевте оған қаражат табыла қоймас. Өйткені коммуналдық қызметтерге қарызының өзі 300 мың теңгеге жақындап қалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети