14 ақпан 2014 | 12:04

Үсенов көлік жүргізу құқығынан тағы бір жылға айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация. ©Тengrinews.kz Иллюстрация. ©Тengrinews.kz

Алты адамды қағып кеткен Мақсат Үсенов көлік басқару құқығынан 2018 жылға дейін айырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың судьясы Нұржан Пакердинов Үсеновті "Көлік құралын жүргізушінің жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін бұза отырып, адам денсаулығына жеңіл нұқсан келтіру" бабы бойынша айыпты деп тануды қаулы етті. Соның нәтижесінде бұған дейін көлік басқару құқығынан екі жылға айырылған Үсенов тағы бұл құқықтан бір жылға айырылып отыр. Оған сонымен бірге 15 АЕК көлемінде айыппұл төлеу туралы үкім шығарылды. Соттың шешіміне 10 күн ішінде шағым келтірілуі мүмкін. Сот отырысына екі жәбірленуші қатысты. Олардың айтуынша, жол-көлік оқиғасы кезінде жәбірленушілер шок жағдайында болды. Сол себепті оқиғаның кейбір детальдарын есте сақтамаған, Үсеновтің сол кезде мас болған-болмағанын да білмейді. Жәбірленуші тарап айыпталушыға ешқандай талап қоймайтынын айтты. Олардың бірі өзінің емделуі үшін Үсеновтің туыстары ақша төлегенін айтса, екінші жәбірленуші қандай да бір түсінік беруден бас тартты. Еске сала кетейік, бұл жол-көлік оқиғасы өткен желтоқсан айының бірі күні болған еді. BMW X6 көлігін мінген жүргізуші Мақсат Үсенов алты жаяу адамды қағып кетті, оның бірі сол жерде қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалғанымен, кейін тараптардың өзара ымыраласуына байланысты тоқтатылды. Ал әкімшілік іс бойынша прокурорлардың наразылығынан кейін Алматы қалалық соты Үсеновті 2017 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырып, 45 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer